TAMARIX RAMOSISSIMA LEDEB. ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІ МЕН САНДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Алынды: 24.10.2024/ Қабылданды: 19.11.2024/ Онлайн жарияланды: 30.12.2024
ӘОЖ 582.998:615.014-014.3
DOI: 10.53511/pharmkaz.2025.88.69.032
А.Ө. Даулбаева 1, К.К. Кожанова 1, Г.М. Кадырбаева 1, А.Е. Албанова 1
1С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті , Алматы қ., Қазақстан
TAMARIX RAMOSISSIMA LEDEB. ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІ МЕН САНДЫҚ
КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Түйін: Қызыл жыңғыл (Tamarix ramosissima Ledeb.) өсімдік шикізатының фармацевтика-технологиялық
сипаттамаларының сандық көрсеткіштері тәжірибеде анықталды: бөлшектердің орташа мөлшері және фракциялық
құрамы, меншікті салмағы, көлемдік салмағы, себілу салмағы, кеуектілігі, бөлектілік, шикізат қабатының бос көлемі,
экстрагенттерді сіңіру коэффициенттері, сонымен қоса кейбір сандық көрсеткіштерін зерттеу (экстрактивтік заттар
шығымын анықтау, өсімдік шикізатын кептіргендегі масса шығыны, жалпы күлі, ұнтақталу дәрежесі) нәтижелері
келтірілді. Алынған деректер қызыл жыңғыл өсімдігінің негізінде экстракциялық препараттар өндірісінің
технологиялық процесінде қолданылатын болады.
Түйінді сөздер: Tamarix ramosissima Ledeb., технологиялық параметрлер, сандық көрсеткіштер.

количество просмотров / 👁 20

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған