Қабылданды: 18.02.2025 Мақұлданды: 18.05.2025 Online жарияланды: 29.08.2025
УДК 615.015:615.322:543+615.451.2+582.998
DOI: 10.53511/pharmkaz.2025.4.5
ДАЛАЛЫҚ ҚАЛУЕННІҢ (CIRSIUM ARVENSE) ЭТАНОЛ СЫҒЫНДЫЛАРЫНЫҢ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Мухитдин М.Б.¹, Картбаева Э.Б.¹, КалыковаА.С.¹, Тургумбаева А.А.¹, Ахаева Т.А.¹,
Нажмиденова А.Б.², Усенбекова А.Е.¹, Қанжигитова А.С.¹, Құдайберген Ә.А.¹
¹Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
²Green Clinic көпсалалы медициналық орталығы, Астана, Қазақстан
Түйін. Cirsium arvense немесе далалық қалуен-Еуропа мен Азияда кең таралған көпжылдық өсімдік. Арамшөптердің мәртебесіне қарамастан, оның химиялық құрамы терпендер, фенолдық қосылыстар, қышқылдар және альдегидтерді қоса алғанда, биологиялық белсенді
заттардың кең ауқымының арқасында зерттеушілердің назарын аударады. Химиялық құрамды талдау үшін заманауи әдістер қолданылды, атап айтқанда масс-спектрометриясы бар газ хроматографиясы, бұл өсімдіктің жер үсті және жер асты бөліктеріндегі Ұшпа компоненттерді анықтауға және сандық бағалауға мүмкіндік береді. Этанол сығындыларын фитохимиялық талдау барысында 70-тен астам қосылыстар анықталды. Негізгі қосылыстарға антиоксидантты, қабынуға қарсы, микробқа қарсы және ісікке қарсы белсенділігі бар D-лимонен, α-фелландрен, β-мирцен, α-кубенен, сірке және пропион қышқылдары жатады. Нәтижелер C. arvense фармакологиялық әлеуетін растайды.
Зерттеудің мақсаты. Бұл жұмыстың мақсаты экстрагенттің неғұрлым тиімді концентрациясын анықтау мақсатында әртүрлі концентрациядағы этанолды экстрагентті пайдалана отырып, далалық қалуен сығындыларындағы биологиялық белсенді заттардың құрамына салыстырмалы талдау жүргізу болып табылады.
Мәселенің өзектілігі. Cirsium тұқымдасының өсімдіктері, атап айтқанда Сirsium arvense дәстүрлі түрде арамшөптер ретінде қабылданады, бірақ олар биологиялық белсенді заттардың жоғары болуына байланысты фармация тұрғысынан үлкен қызығушылық тудырады [1]. Бұл
өсімдіктің биологиялық белсенді заттары, соның ішінде терпендер, фенолды қосылыстар микробқа қарсы, қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиеттерге ие [2]. Бұл қосылыстар дәрілік заттарды жасауда пайдалы болуы мүмкін, әсіресе патогендердің синтетикалық антибиотиктерге төзімділігі артып келе жатқан жағдайда [3]. C. arvense этанол сығындыларының химиялық құрамын зерттеу және олардың фармакологиялық әлеуетін
егжей-тегжейлі зерттеу үшін қажет, олардың медицинада және фармацияда қолданылуын түсіну перспективасын қамтамасыз етеді.
Материалдар мен әдістер: Өсімдіктің жер үсті және жер асты бөліктерінен 50%, 70% және 90% этанол ерітінділері арқылы мацерация әдісімен сығындылар алынды. Газдық хроматография-масс-спектрометрия (ГХ-МС) әдісімен фитохимиялық талдау жүргізілді.
Нәтижелер: 70-тен астам қосылыс анықталды. 50% этанол экстрактында D-лимонен, αфелландрен және β-мирцен концентрациясы ең жоғары болды. Бұл қосылыстардың антиоксиданттық, қабынуға қарсы және антимикробтық белсенділігі бар.
Қорытынды: 50% этанол экстрагенты биологиялық белсенді заттарды тиімді бөліп шығарады және C. arvense-тің фармакологиялық әлеуетін растады. Бұл өсімдік табиғи дәрілік заттар өндірісінде перспективалы шикізат көзі бола алады.
Түйінді сөздер: биологиялық белсенді заттар, фитохимиялық құрамы, далалық қалуен, Cirsium arvense.













