КЕЙБІР ЖАЛБЫЗ (MENTHA L.) ТҮРЛЕРІНІҢ БОТАНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ, ФИТОХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ, ҚОЛДАНЫЛУЫ (ӘДЕБИ ШОЛУ)

Алынды: 12.06.2023/ Қабылданды: 23.11.2023/ Онлайн жарияланды: 29.12.2023
ӘОК: 615.32:582.929+54
DOI 10.53511/PHARMKAZ.2024.41.89.030

У.М. ДАТХАЕВ1, Г.О. УСТЕНОВА2, А.Ш.АМИРХАНОВА3, К.К. КОЖАНОВА4, Э.Н. КАПСАЛЯМОВА5, А.А. ҒАЗИЗОВА6
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КеАҚ,
Алматы, Қазақстан Республикасы

КЕЙБІР ЖАЛБЫЗ (MENTHA L.) ТҮРЛЕРІНІҢ БОТАНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ,
ФИТОХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ, ҚОЛДАНЫЛУЫ (ӘДЕБИ ШОЛУ)

Түйін: Қазақстан Республикасы аумағында таралған жалбыз (Mentha L.) тұқымдастарының түрлеріне: дала жалбызы (Méntha arvénsis), бұйра жалбыз (Mentha spicata L. ), азиялық жалбыз (Mentha
asiatica Boriss.) және ұсақ жапырақты жалбыз (Méntha micrántha) өсімдік шикізаттарын официналды медицинада қолданылатын фармакопеялық түрі – бұрышты жалбыз (Mentha piperita L.) дәрілік
өсімдік шикізатымен анатомды-марфологиялық сипаттамасы, фитохимиялық құрамы, фармация
және медицина тәжірибелеріндегі пайдаланылу маңыздылығы мен таралу ареалы тұрғысында салыстырмалы шолулар жүргізілген.
Жалбыз (Mentha L.) тұқымдасының дүние жүзінде және зерттеу нысаны, азиялық жалбыздың (Mentha
asiatica Boriss.) таралу ареалы көрсетілген. Азиялық жалбыз (Mentha asiatica Boriss.) Қазақстан Республикасында Түркістан, Алтай мен Тарбағатай, Жоңғар, Іле және Күнгей Алатауы, Шу-Іле тауларында, Қырғыз Алатауында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда, ал әлем бойынша Ауғанстан, Оңтүстік, Орталық Қытай, Иран, Ирак, Қырғызстан, Тәжікстан, Тибет, Түрікменстан, Өзбекстан, Шыңжаң аймақтарында таралған.
Ғылыми мақалалар мен әдебиеттерді шолу нәтижесінде жалбыздың фармакопеялық түрі – бұрышты жалбызбен (Mentha piperita L.) азиялық жалбыздың (Mentha asiatica Boriss.) фитохимиялық құрамы, эфир майларына өзара салыстырмалы талдау жасалынды. Өсімдік құрамы жағынан биологиялық белсенді заттарға бай, соның ішінде, эфир майларының жоғарғы концентрацияда болуымен, С дәрумені, иілік заттар, каротин, катехиндер, лейкоантоциандардың және балдың болуымен ерекшеленеді.
Көптеген елдер халық медицинасында кеңінен пайдаланылу тарихымен танымал өсімдік шикізаты,
азиялық жалбыз (Mentha asiatica Boriss.) тұндырмасы мен қайнатпасын қабынуға қарсы, гемостатикалық агент ретінде, сонымен қатар жараларды, гастритті, диареяны, колитті, гастралгияны, туберкулезді, респираторлық инфекцияларды және тіс ауруын емдеу үшін қолданылады.
Мақсаты – жалбыз (Mentha L.) кейбір түрлерінің ботаникалық сипаттамасы, фитохимиялық құрамы, қолданылуы бойыншша әдеби жолу жүргізу.
Зерттеу әдістері: Ақпараттық іздеу көздері мамандандырылған сайттарда Google Scholar, Web
of Science, CyberLeninka электрондық ғылыми кітапханасында, PubMed (https://www.ncbi.nlm.nih.gov/
pubmed/) дерекқорда әдеби көздер іздестірілді.
Нәтижелері: Сипаттамалық және жүйелік әдеби шолу жүргізу барысында барлығы 3152 ғылыми
зерттеу жұмыстары қарастырылды. Бұл нәтиже жалпылама түрде ерінгүлділер (Lamiaceae) тұқымдасының өкіліне жататын жалбыз (Mentha) өсімдігі бойынша іздеу барысында алынған. Табылған
ғылыми жұмыстардың ғылыми өзектілігі бойынша іріктеуде 798 мақала алынып тасталынды. Ал
зерттеу жұмысы тақырыбына сәйкестігіне орай 466 мақала қатысты емес деп танылып, зерттеу нысаны болып табылатын жалбыз тұқымдастарының түрі азиялық жалбызға (Mentha asiatica
Boriss.) нақты қатысты болуы бойынша 213 мақала ғана жарамды деп таңдалынды.
Түйінді сөздер: жалбыз, Mentha L., дала жалбызы, Méntha arvénsis, бұйра жалбыз, Mentha spicata
L., ұсақ жапырақты жалбыз, Méntha micrántha, азиялық жалбыз, Mentha asiatica Boriss., бұрышты
жалбыз, Mentha piperita L. дәрілік өсімдік, Қазақстан Республикасы флорасы, биологиялық белсенді
заттар, фитохимиялық құрамы, эфир майлары, бал құрамдас өсімдік.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Ahmad R.Sh., Imran A., Arshad M.S. Introductory Chapter: Mentha piperita (a Valuable Herb): Brief Overview. IntechOpen.2020:1
2 Usmonova G.I., Karimova L.F., Khalmetova F. Y., Achilova G.A. Medicinal Plant – Mentha Asiatica. Eurasian Research Bulletin. 2023;18:171-172.
3 Сахратов В.А., Бенхедда А., Чащина С.В., Ранозаживляющее действие эфирного масла мяты азиатской. Теория и практика современной науки.
2023:99.
4 Pramila D. M., Xavier R., Marimuthu K., Kathiresan S., Khoo M. L., Senthilkumar M., Sathya K., Sreeramanan, S. The value of Plants used in traditional
medicine for drug discovery. Journal of Medicinal Plants Research. 2012;2:331-335.
5 Naureen I., Saleem A., Sagheer F., Liaqat S. Chemical Composition and Therapeutic Effect of Mentha Species on Human Physiology. Scholars Bulletin.
2022;8(1):25.
6 Aoken A., Xueping M., Numonov S., Xamxikamar M., Aisa H.A., Maitinuer M. Separation and Qualitative Study of Mentha asiatica Boriss. Essential Oil
Components by prep-GC, GC-QTOF-MS, NMR and Prediction of Bioactive Compounds. Chem. Biodiversity. 2023;20:2.
7 Бочкарёв Н.И., Зеленцов С.В. Таксономия, морфология и селекция ментольных мят (обзор). Научно-технический бюллетень Всероссийского
научно-исследовательского института масличных культур.2015; 2(162):2.
8 Taneja S.C., Chandra S. Morphology of mint. Handbook of Herbs and Spices.2012;2(1):5.
9 Сахратов В.А., Евдокимова Г.Н. Результаты морфологического и анатомо-диагностического исследования мяты азиатской. НИЦ Вестник
науки.2022;2:20-21.
10 Ishmuratova M. Yu., Butumbayeva M. K., Takhanova D. A., Zholdybayeva K. B., Silant’eva M. M. Analysis of representatives of Lamiaceae family in the
flora of the Central Kazakhstan. Karaganda University Bulletin. 2020; 2 (98): 37–44.
11 Mustafa M.A., Hatil H.E., Ahmed A.M., Ahlam S.E. Comparative morph-anatomical leaf characters of Mentha spicata and Ocimum basilicum family
(Laminaceae) in Sudan. International Journal of Scholarly Research in Biology and Pharmacy. 2022;1(1):47-50.
12 Mamadalieva N.Z., Akramov D. Kh., Ovidi E., Tiezzi A. Aromatic Medicinal Plants of the Lamiaceae Family from Uzbekistan: Ethnopharmacology, Essential
Oils Composition, and Biological Activities. Medicines. 2017; 4(1):3
13 Сахратов В.А., Евдокимова Г.Н., Малкова Т.Л. Морфолого-анатомическое строение мяты азиатской, произрастающей в Таджикистане. Фармация.
2021;8(70):33-34.
14 Mentha asiatica Asian Mint PFAF Plant Database // Plants for a Future. [Электронный ресурс] URL: https://pfaf.org/user/cmspage.aspx?pageid=174 (дата
обращения: 27.02.2023).
15 Mentha asiatica Boriss. // Плантариум. Растения и лишайники России и сопредельных стран: открытый онлайн атлас и определитель растений.
[Электронный ресурс] URL: https://www.plantarium.ru/page/view/item/24268.html (дата обращения: 10.03.2023).
16 Grudzinskaya L.M., Gemejiyeva N.G., Karzhaubekova Zh. Zh. The Kazakhstan medicinal flora survey in a leading families volume. Биология. Медицина.
География. 2020;4(100):43.
17 Ahmatov D., Umirzaqova G. Yalpiz (Mentha) turkumi o’simligining dorivorlik xususiyatlari. O‘zbekistonda fanlararo innovatsiyalar va ilmiy tadqiqotlar
jurnali.2022;9:2.
18 Naureen I., Saleem A., Sagheer F., Liaqat S., Gull S., Muqadas F., Arshad Z. Chemical Composition and Therapeutic Effect of Mentha Species on Human
Physiology. Sch Bull. 2022;8(1): 25-32.
19 Taherpour A.A., Khaef S., Yari A., Nikeafshar S., Fathi M., Ghambari S. Chemical composition analysis of the essential oil of Mentha piperita L. from
Kermanshah, Iran by hydrodistillation and HS/SPME methods. Journal of Analytical Science and Technology. 2017;8(11):4-6.
20 Almawlah Y.H., Alaa H., O Al-Jelawi S. Antibacterial activity of three plant extracts against multidrug resistance Pseudomonas aeruginosa. Asian J Pharm
Clin Res. 2017;10(12):194-195.
21 Sarkar D., Paul G. Green Synthesis of Silver Nanoparticles using Mentha asiatica (Mint) Extract and Evaluation of their Antimicrobial Potential. International
Journal of Current Research in Biosciences and Plant Biology.2017;4(1):78-80.
22 Мащенко П. С., Сахратов В. А., Каликина И. Ю., Малкова Т.Л. Исследование компонентного состава эфирного масла мяты азиатской методом
газожидкостной хромато-массспектрометрии. Медицина. 2022;10(2):34-40.
23 Dzhumaev H.K., Umirzakova G. E. Of essential oils from plants and their change with vegetative phases as an example of Asian mint (Mentha asiatica
Boriss.). Spectrum Journal of Innovation, Reforms and Development. 2022;10:230.
24 Khujanazarov U.E., Mirkhamidova P., Valikhanova A.K., Nizamova A.R., Riskitillaeva N.A. To define the biological active matter-flavonoids in medicinal
plants. Биологические науки.2021:3-7.
25 Omran R., Al-Taee Z.M., Hashim H.O., AL-Jassani M.J. Extraction of phenolic compounds as antioxidant from some plants and their cytotoxic activity against
breast cancer cell line. Asian J Pharm Clin Res. 2017;10(7):168-71.
26 González I. F., González Falconí D. E., Morera Córdova V. Secondary metabolites in plants: Main classes, phytochemical analysis and pharmacological
activities. Bionatura. 2019;4(4):1000-1009.

количество просмотров / 👁 1150

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған