ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДӘРІЛІК ПІШЕНДІ БОЙДАНА (TRIGONELLA FOENUM-GRAECUM L.) ӨСІМДІГІН МӘДЕНИ ӨСІРУ

Алынды: 28.12.2024/ Қабылданды: 04.04.2024/Онлайн жарияланды: 29.04.2024
УДК 615.322(574)
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.12.80.032

А.А.Әбілова 1, К.К.Орынбасарова 2, Г.Ж.Турметова 3
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ 1, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы,
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ 1, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті3, Түркістан, Қазақстан Республикасы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДӘРІЛІК ПІШЕНДІ БОЙДАНА (TRIGONELLA FOENUM-GRAECUM L.)
ӨСІМДІГІН МӘДЕНИ ӨСІРУ
Түйін: Мақалада Trigonella foenum-graecum L. өсімдігін Түркістан облысы Қасқасу және Ынтымақ учаскелерінің
климаттық жағдайларында ашық далада өсіру нәтижелері сипатталған. Пішенді бойдана өсімдігі дамудың толық
циклынан өтті: олар генеративті кезеңге жетті, жеміс берді және өміршең тұқымдар берді. Зерттеудің мақсаты.
Түркістан облысы Қасқасу және Ынтымақ учаскелерінде пішенді бойдананы (Trigonella foenum-graecum L.) мәдени
өсіру мүмкіндігін зерттеу, өсіру технологиясының элементтерін әзірлеу, сапалы тұқымдар алу және салыстырмалы
тәжірибе жүргізу. Материалдар мен әдістер. Зерттеу нысаны ретінде 2023 жылы Түркістан облысында «Индия»
сортының тұқымдарынан егілген пішенді бойдана (Trigonella foenum-graecum L.) өсімдігі алынды. Егу жұмыстары
2023 жылдың 24 сәуірінде Ынтымақ учаскесінде және 6 маусымында Қасқасу учаскесінде жүргізілді. Дамудың
фенологиялық ерекшеліктері бір вегетациялық маусымда бақылау әдісімен зерттелді. Нәтижелер мен талқылаулар.
Алғашқы өскіндер Ынтымақ учаскесінде 15 күннен кейін Қасқасу учаскесінде 8 күнде шықты. Бутонизацияның
жаппай басталуы еккеннен соң 3-4 аптадан соң, гүлдеу 4 аптадан соң басталды. Жемістің жетілуі, толық жетілуі
және вегетация соңы жалпы Ынтымақ учаскесінде 2-2,5 және Қасқасу учаскесінде 4 айға жуық уақытты алды.
Trigonella foenum-graecum L. дәрілік өсімдігін Түркістан облысы Қасқасу және Ынтымақ учаскелерінің климаттық
жағдайларында өсіру мүмкін екендігі анықталды.
Түйінді сөздер: пішенді бойдана, Trigonella foenum-graecum L., мәдени өсіру, Түркістан облысы, вегетация фазалары,
метрологиялық жағдайы, «Индия» сорты, дәрілік өсімдік шикізаты.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Theysshana Visuvanathan,Leslie Thian Lung Than, Johnson Stanslas,Shu Yih Chew, Shalini Vellasamy, Revisiting Trigonella
foenum-graecum L.: Pharmacology and Therapeutic Potentialities. Plants 2022, 11(11), 1450.
2 Sun, Wenli; Shahrajabian, Mohamad H.; Cheng, Qi , Fenugreek Cultivation with Emphasis on Historical Aspects and its uses
in Traditional Medicine and Modern Pharmaceutical Science. Mini Reviews in Medicinal Chemistry, Volume 21, Number 6,
2021, pp. 724-730(7)
3 Н. А. Кузьмичева, Фитохимический анализ семян пажитника сенного. Вестник фармации №2 (76) 2017, Беларуссия.
– 24 с.
4 К.И.Джураевич, К.С.Ихтиер кизи, Забытое лекарственное растение – пажитник сенный. Электронный научный
журнал «Биология и интегративная медицина» №2–февраль(19) 2018. – 228 с.
5 Кароматов И.Д. Простые лекарственные средства Бухара 2012.
6 Агабалаева, Е. Д. Физиолого-биохимические особенности представителей рода Trigonella при интродукции в
условиях Беларуси: автореф. дис. … канд. биол. наук: 03.01.05 / Е. Д. Агабалаева. –Минск, 2015. – 23 с.
7 А.Н.Цицилин, Н.И.Ковалев, Лекарственное растениеводство россии в XXI веке (вызовы и перспективы развития).
Земледелие,растениеводство, защита растений, Известия ТСХА, выпуск 1, 2021. – 43 с.
8 Good agricultural and collection practices (GACP). – European Medicines Agency, London, – 23p.
9 Н. А. Кузьмичева, Культивирование пажитника сенного в условиях северной части Беларуси. Вестник фармации
№3 (77) 2019, Беларуссия. – 47-48 с.

количество просмотров / 👁 901

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған