RUMEX ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ (ӘДЕБИ ШОЛУ)

Алынды: 12.02.2024 Қабылданды: 29.05.2024 Онлайн жарияланды: 29.06.2024
ӘОЖ 615.322.
DOI: 10.53511/pharmkaz.2024.38.56.035
Г.А. Жумаханова 1, Д.Ю. Корулькин 1, Самир Анис Росс 2
1 Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
2 Миссисипи Университетінің табиғи өнімдерді зерттеу ұлттық орталығы, Оксфорд, АҚШ
RUMEX ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ
(ӘДЕБИ ШОЛУ)
Түйін. Бүкіл әлемде өсімдік шикізатынан жасалған дәрілерге және оларды медицинада қолданудың көп ғасырлық
тәжірибесіне қызығушылық артып келеді. Біздің еліміздегі дәрілік өсімдіктердің ресурстары биологиялық
ресурстардың шағын, бірақ өте маңызды бөлігін құрайды, өйткені қазіргі заманғы медицинада қолданылатын дәрілік
заттардың үштен бірінен астамы шөптік препараттар болып табылады. Осыған байланысты отандық
фармацевтика ғылымы мен өнеркәсібін дамытудың стратегиялық бағдарламаларының бірі – өсімдік шикізатының
өз ресурстарын пайдалану жолдарын іздестіру және олардың негізінде экономикалық қолжетімді дәрі-дәрмектерді
жасау.
Географиялық орналасуының ерекшеліктеріне байланысты Қазақстан Республикасы өсімдік шикізатынан дәрі-дәрмек
өндірудің перспективалық базасы болып табылады. Сонымен қатар, қазақстандық аналогтардың құрамында
полифенолды қосылыстар, атап айтқанда, флавоноидтар, жоғары екені тәжірибе жүзінде дәлелденді.
Жергілікті дәрілік шикізаттың негізінде, жоғарғы сапаны қамтамысыз ететін технологияларды қолдана отырып
жасалған, өзіндік құны төмен дәрілік препараттардың бірегейлігі олардың бәсекеге төзімділігі және сыртқы нарыққа
бейімділігін қамтамасыз етеді.
Түйінді сөздер: Rumex, отандық өсімдік шикізаты, фармацевтикалық қауіпсіздік, қымыздық, биологиялық белсенділік,
шөпдәрі, емдік қасиеттер, химиялық құрам.

количество просмотров / 👁 763

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған