БАЛАЛАРДАҒЫ БАКТЕРИЯЛЫҚ МЕНИНГИТ КЕЗІНДЕ АДЪЮВАНТТЫ ТЕРАПИЯ РЕТІНДЕ ГЛЮКОКОРТИКОСТЕРОИДТЕРДІ ҚОЛДАНУ: НЕЙРОСЕНСОРЛЫҚ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ТӨМЕНДЕУІНІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ

Алынды: 12.05.2026
Қабылданды: 12.06.2026
Онлайн жарияланды: 17.06.2026
ӘОЖ: 616.831.9-002-053.2:615.357:616.28-008.14
DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.3.3

БАЛАЛАРДАҒЫ БАКТЕРИЯЛЫҚ МЕНИНГИТ КЕЗІНДЕ АДЪЮВАНТТЫ ТЕРАПИЯ
РЕТІНДЕ ГЛЮКОКОРТИКОСТЕРОИДТЕРДІ ҚОЛДАНУ: НЕЙРОСЕНСОРЛЫҚ ЕСТУ
ҚАБІЛЕТІНІҢ ТӨМЕНДЕУІНІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ

Ким Т.В.¹, Пивень Л.И. ¹, Елемесова К.Б. ¹, Ким Д.Д. ¹, Николаева Т.Л. ¹
¹ «Қарағанды Медицина Университеті» КЕАҚ, Қарағанды, Қазақстан

Кіріспе. Балалардағы бактериялық менингит тұрақты неврологиялық салдарлардың жоғары қаупімен қатар жүреді. Олардың ішінде нейросенсорлық тугоухость ерекше орын алады: ол емдеу сәтті жүргізілген жағдайда да дамуы мүмкін және баланың өмір сүру сапасын түбегейлі өзгертуге қабілетті. Глюкокортикостероидтер қабыну каскадын шектеу және жүйке тінінің екіншілік зақымдануының алдын алу мақсатында емдеу сызбасына енгізіледі. Алайда олардың тиімділігі жөніндегі қолда бар деректер бытыраңқы және жиі қарама-қайшы сипатта. Сондықтан бұл мәліметтерді жүйелеу осындай пациенттерді жүргізу тактикасын нақтылау үшін қажетті қадам болып табылады.

Зерттеудің мақсаты. Балалардағы бактериялық менингиттің кешенді терапиясында глюкокортикостероидтерді қолдану бойынша әдебиеттерге шолу жүргізу, олардың кеш дамитын нейросенсорлық есту қабілетінің төмендеуінің алдын алудағы рөліне ерекше назар аудару.

Материалдар мен әдістер. PubMed және Cochrane Library дерекқорларында негізгі сөздерді пайдалана отырып, әдебиеттерге талдау жүргізілді; қосымша CyberLeninka дерекқорындағы орыс тіліндегі жарияланымдар да қарастырылды. Зерттеулердің релеванттылығы мен өзектілігі тексерілгеннен кейін қорытынды іріктемеге 2003-2024 жылдар аралығында жарияланған 29 мақала енгізілді.

Нәтижелер. Глюкокортикостероидтерді антибактериялық терапияны бастаумен бір мезгілде ерте тағайындау бактериялық менингиті бар балаларда нейросенсорлық есту қабілетінің төмендеу қаупін статистикалық тұрғыдан едәуір азайтады. Диагноз қойылғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда енгізілген дексаметазон қабыну жауабын шектейді және сол арқылы ұлудың түкті жасушаларын зақымданудан қорғайды: енгізілген зерттеулердің деректері бойынша, есту қабілетінің екіжақты да, біржақты да жоғалуының жиілігі аурудың этиологиясына байланысты 30-50%-ға төмендейді. Ең айқын профилактикалық әсер Haemophilus influenzae b типі және Streptococcus pneumoniae туындатқан менингит кезінде тіркелген.

Талқылау. Алынған деректер S. pneumoniae және H. influenzae туындатқан бактериялық менингит кезінде глюкокортикостероидтердің тиімділігін растайды, алайда бұл қорытындыны аурудың барлық этиологиялық түрлеріне тарату әзірге ерте. Бірқатар қоздырғыштар бойынша дәлелдемелік база жеткіліксіз болып қалып отыр, жекелеген зерттеулердің нәтижелері бір-біріне қайшы келеді, ал жаңа туған нәрестелер мен ресурстары шектеулі жағдайдағы пациенттер бойынша деректер іс жүзінде жоқ.

Қорытындылар. Балалардағы бактериялық менингит кезінде адъювантты ГКС-терапия нейросенсорлық есту қабілетінің төмендеу қаупін азайтуда тиімділігін дәлелдеді – ең алдымен пневмококктық және Hib-этиологиялы менингитте. Жаңа туған нәрестелерде және басқа этиологиялы менингит кезінде оның тиімділігі туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр. Бұл мәселені шешу үшін қоздырғыштар, жас топтары және ресурстық контекст бойынша жеке талдау жүргізілетін көпорталықты зерттеулер қажет: тек осылай ғана ГКС пайдасының әмбебап екендігін немесе оның этиологияға принципті түрде тәуелді екенін анықтауға болады.

Түйінді сөздер: бактериялық менингит, балалар, асқынулар, нейросенсорлық есту қабілетінің төмендеуі, глюкокортикостероидтер, дексаметазон

количество просмотров / 👁 183

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған