ВУЛЬГАРЛЫ ПЕМФИГУСТЫ ЕМДЕУДЕГІ РИТУКСИМАБ: КЛИНИКАЛЫҚ ШОЛУ

Алынды:: 25.04.2025 Қабылданды: 29.08.2025 Онлайн жарияланды: 31.10.2025

УДК: 616.5-002.525-085.357.4
DOI: 10.53511/PHARMKAZ.2025.5.1

 

ВУЛЬГАРЛЫ ПЕМФИГУСТЫ ЕМДЕУДЕГІ РИТУКСИМАБ: КЛИНИКАЛЫҚ ШОЛУ

Оспанова С.А.¹, Суханбердиева З.М.¹, Аринова А.Н.¹, Идрисова А.С.¹
¹ ҚР ДСМ «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК,
Алматы, Қазақстан

 

Кіріспе. Вульгарлы пемфигус – тері мен шырышты қабықтарды зақымдайтын ауыр аутоиммунды ауру. Соңғы жылдары CD20-ға бағытталған ритуксимаб бұл дерттің орташа және ауыр түрлерінде алғашқы таңдау емі ретінде қарастырылуда.
Материалдар мен әдістер. Шолу барысында ритуксимабты ересектер мен балаларда қолдану тәжірибесі, енгізу схемалары, рецидив кезінде тактикалар, қауіпсіздік мониторингі және глюкокортикостероидтар мен иммунодепрессанттар дозасын төмендету жолдарыталданды.
Нәтижелер. Ритуксимаб ересектерде жоғары ремиссия көрсеткішін және стероидты үнемдеуді қамтамасыз етеді. Балаларда да ауыр ағым кезінде тиімділігі дәлелденген. Қайта енгізу және профилактикалық қолдану рецидивтерді бақылауға мүмкіндік береді. Жанама әсерлері сирек және алдын ала мониторингпен қауіпсіздігі жақсы.
Талқылау. Ритуксимаб вульгарлы пемфигусты емдеуде тиімді әрі қауіпсіз бірінші қатардағы дәрі ретінде танылды. Ол ауруды ұзақ мерзімді бақылауға және емдік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Қорытынды. Ритуксимаб ПВ емінде маңызды рөл атқарады және пациенттердің өмір сапасын жақсартады. Балалар арасында қолдану схемаларын нақтылау үшін қосымша зерттеулер қажет.
Негізгі сөздер: Вульгарлы пемфигус, ритуксимаб, аутоиммунды ауру, CD20, емдеу,қауіпсіздік мониторингі

количество просмотров / 👁 761

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған