Алынды: 12.05.2026
Қабылданды: 04.06.2026
Онлайн жарияланды: 17.06.2026
ӘОЖ: 616.853-008-085-07
DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.3.1
ПЕДИАТРИЯДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАЗІРГІ ЭПИЛЕПСИЯҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР
Пивень Л.И.¹, Ким T.В. ¹, Николаева T.Л. ¹, Aсанова С.Н. ¹, Гаджиев И.Р. ¹, Кушербай M.М. ¹
¹ Коммерциялық емес акционерлі қоғамы «Караганды Медицина университеті», Карағанды, Қазақстан
Кіріспе: Эпилепсия — жүйке жүйесінің ең жиі кездесетін созылмалы ауруларының бірі. Ол нейрондардың шамадан тыс қозуы нәтижесінде қайталанатын ұстамалармен сипатталады. Эпилепсияны емдеуде негізгі әдіс ретінде ұзақ мерзімді, жиі өмір бойы жүргізілетін дәрілік терапия – эпилепсияға қарсы препараттарды (ЭҚП) қолдану ұсынылады. Соңғы жылдары ЭҚП-ның екінші және үшінші буындарына қатысты елеулі жетістіктерге қол жеткізілді.
Әдістер: Зерттеу барысында рандомизацияланған клиникалық зерттеулер, жүйелі шолулар, метаанализдер, сондай-ақ ұлттық және халықаралық клиникалық ұсынымдар негізінде әдебиеттерге шолу жасалды. Жаңа буын ЭҚП-ның фармакодинамикалық және фармакокинетикалық қасиеттері, әсер ету механизмдері, клиникалық тиімділігі мен
қауіпсіздік бейіні талданды.
Нәтижелер: Екінші және үшінші буынға жататын ЭҚП (мысалы: леветирацетам, лакосамид, перампанел, бриварацетам және т.б.) қауіпсіздік деңгейі жоғары, жанама әсерлер жиілігі төмен, дәрілік өзара әрекеттесу қаупі аз және әртүрлі эпилепсия түрлерінде тиімділігі жоғары екендігі анықталды.
Талқылау: Нәтижелер заманауи ЭҚП-ны жекелендірілген емдеудің бір бөлігі ретінде қолданудың клиникалық маңыздылығын растайды. Алайда ұстама түріне, қосымша ауруларға, жас ерекшелігіне және экономикалық тиімділікке байланысты препарат таңдаудың өзектілігі сақталады.
Қорытынды: Жаңа буын эпилепсияға қарсы дәрілер жекелендірілген емдеу тәсілдерін жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл ұстамаларды жақсы бақылауға және пациенттердің өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.
Түйінді сөздер: эпилепсия, эпилепсияға қарсы препараттар, екінші буын, үшінші буын, фармакотерапия, тиімділік, қауіпсіздік.













