ВАРФАРИНМЕН ЕМДЕУДІ ФАРМАКОГЕНЕТИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАМАНАУИ ДЕРБЕСТЕНДІРІЛГЕН ТӘСІЛДЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕНГІЗУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Алынды: 20.07.2026

Қабылданды: 13.10.2026

Онлайн жарияланды: 30.10.2026

ӘОЖ: 616-08-039.73

DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.5.1

Мақала түрі: Шолу мақаласы

ВАРФАРИНМЕН ЕМДЕУДІ ФАРМАКОГЕНЕТИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАМАНАУИ ДЕРБЕСТЕНДІРІЛГЕН ТӘСІЛДЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕНГІЗУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

 

У.Е. Иммамырзаев1, И.К. Тулебаева1,  Б.А. Ракишев2, К.Е. Казантаев2, С.Б. Пазилов3, А.К. Шулгаубаев4

¹ Қазақстан медицина университеті «ЖҚДСМ», Алматы қ., Қазақстан Республикасы

² «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

³ «№10 қалалық емхана» ШЖҚ МКК, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

⁴ «Сарқан аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК, Сарқан қ., Қазақстан Республикасы

 

Түйін

Варфарин тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу мен емдеуде, әсіресе жүрек қақпақшаларының механикалық протездері бар пациенттерде, маңызды рөл атқарады. Генетикалық, клиникалық және қоршаған орта факторларына байланысты варфарин дозасына қажеттіліктің айқын жекеаралық өзгергіштігі тұрақты антикоагуляцияға қол жеткізуді қиындатады.

Зерттеудің мақсаты варфаринге жауапқа әсер ететін фармакогенетикалық факторлар жөніндегі халықаралық және отандық зерттеулерді талдау, генотипке негізделген дозалаудың дәлелдемелік базасын бағалау және Қазақстан Республикасында дербестендірілген дозалау алгоритмдерін енгізу перспективаларын анықтау.

Материалдар мен әдістер

Бастапқы молекулалық-генетикалық зерттеулерге, рандомизацияланған бақыланатын клиникалық сынақтарға, жүйелі шолуларға, мета-талдауларға және халықаралық ұсынымдарға аналитикалық шолу жүргізілді. Қазақстанда орындалған популяциялық-генетикалық зерттеулер мен AP19677439 ғылыми жобасының нәтижелері жеке қарастырылды.

Нәтижелер

Варфариннің жеке дозасына қажеттілікті анықтайтын негізгі генетикалық факторлар CYP2C9 және VKORC1 гендері болып табылады, ал CYP4F2 генінің қосымша маңызы бар. Халықаралық фармакогенетикалық алгоритмдер демеуші дозаны болжау дәлдігін арттырады, алайда халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ, INR) бақылау және клиникалық нәтижелер бойынша рандомизацияланған зерттеулердің қорытындылары біркелкі емес. Қазақстанда популяциялық фармакогенетиканың ғылыми негізі қалыптасып, кардиохирургиялық пациенттерде варфаринмен емдеу кезіндегі асқынуларға байланысты генетикалық факторларды зерттеуге бағытталған мамандандырылған ғылыми жоба іске асырылды.

Қорытынды

Антикоагуляция тұрақтылығын, емдеу қауіпсіздігін және фармакоэкономикалық тиімділікті бағалай отырып, отандық клиникалық-фармакогенетикалық модельге тәуелсіз клиникалық валидация жүргізу перспективалы ғылыми бағыт болып табылады.

Түйінді сөздер: варфарин, фармакогенетика, CYP2C9, VKORC1, CYP4F2, CYP2C19, GGCX, дербестендірілген медицина, Қазақстан.

количество просмотров / 👁 87

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған