Алынды: 16 тамыз 2026 ж.
Қабылданды: 07 қазан 2026 ж.
Онлайн жарияланды: 30 қазан 2026 ж.
ӘОЖ: 615.322:547.574.3
DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.5.22
Мақала түрі: Түпнұсқалық ғылыми мақала
Α-МЕТИЛ-Β-(N-МОРФОЛИЛ)ПРОПАН ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ 2-ГИДРОКСИ-3-НИТРОБЕНЗИЛИДЕНГИДРАЗИДІН СИНТЕЗДЕУ ЖӘНЕ IN SILICO ӘДІСІМЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН, УЫТТЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ ADME-ПАРАМЕТРЛЕРІН БОЛЖАУ
Берилло Дмитрий Александрович1
Хамитова Ақжонас Ермековна2
1 «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ, Петропавловск, Қазақстан
2 «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ, Алматы, Қазақстан
Кіріспе. Осы жұмыста α-метил-β-(N-морфолил)пропан қышқылының 2-гидрокси-3-нитробензилиденгидразиді синтезделіп, оған масс-спектрометриямен біріктірілген ЖТCХ талдауы жүргізілді, сондай-ақ оның биологиялық белсенділігіне, уыттылығына және фармакокинетикалық қасиеттеріне компьютерлік болжау жасалды.
Мақсаты. α-метил-β-(N-морфолил)пропан қышқылының 2-гидрокси-3-нитробензилиденгидразидін синтездеу және оның әлеуетті биологиялық белсенділігін, уыттылығын және фармакокинетикалық қасиеттерін in silico әдістерімен бағалау.
Материалдар мен әдістер. Қосылыс α-метил-β-(N-морфолил)пропан қышқылы гидразидінің 2-гидрокси-3-нитробензальдегидпен конденсациялануы арқылы синтезделді. Идентификациялау және тазалығын талдау ЖТСХ-УК/МС әдісімен жүргізілді. Биологиялық белсенділікті болжау PASS Online, уыттылықты болжау – ProTox-II, ал фармакокинетикалық параметрлерді бағалау – SwissADME бағдарламаларының көмегімен жүзеге асырылды.
Нәтижелер. α-метил-β-(N-морфолил)пропан қышқылының 2-гидрокси-3-нитробензилиденгидразидін синтездеу нәтижесінде шығымы 65 % болатын өнім алынды. Масс-спектрометриялық деректер алынған өнім құрамында нысаналы қосылыстың бар екенін растады. Алайда, ЖТСХ-УК талдауының нәтижелері бойынша негізгі хроматографиялық компоненттің үлесі тіркелген шыңдардың жалпы ауданының 53,6 %-ын құрады, бұл зерттелетін үлгіде ілеспе компоненттердің бар екенін және оны одан әрі тазарту қажеттігін көрсетеді.
PASS Online нәтижелері бойынша вирусқа қарсы, туберкулезге қарсы, антимикобактериялық, бактерияға қарсы және қарапайымдыларға қарсы белсенділіктің, сондай-ақ STAT/STAT3 сигналдық жолдарын тежеу қабілетінің болуы ықтимал екендігі анықталды. ProTox-II деректеріне сәйкес қосылыс уыттылықтың V класына жатады (LD50 = 3000 мг/кг) және айқын гепато- және цитоуыттылықтың болмауымен сипатталады. ADME-параметрлерін талдау асқазан-ішек жолында жоғары сіңірілуін, гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпеуін және дәрілер арасындағы өзара әрекеттесу ықтималдығының төмендігін көрсетті.
Талқылау. Алынған нәтижелер α-метил-β-(N-морфолил)пропан қышқылының 2-гидрокси-3-нитробензилиденгидразиді қосылысының әрі қарай фармакологиялық зерттеулер жүргізуге және болжанған биологиялық белсенділік түрлерін in vitro және in vivo жағдайларында эксперименттік растауға перспективалы екенін көрсетеді.
Қорытынды. α-метил-β-(N-морфолил)пропан қышқылының 2-гидрокси-3-нитробензилиденгидразиді алғаш рет синтезделіп, сипатталды. Компьютерлік модельдеу нәтижелері қосылыстың перспективалы биологиялық қасиеттерге, төмен уыттылыққа және қолайлы ADME-профильге ие екенін көрсетті, бұл оны әрі қарайғы фармакологиялық зерттеулер үшін перспективалы нысан ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Түйінді сөздер: гидразондар, морфолин, синтез, биологиялық белсенділік, PASS Online, ProTox-II, SwissADME, in silico модельдеу.
количество просмотров / 👁 144












