Алынды: 2026 жылғы 10 мамыр
Қабылданды: 2026 жылғы 03 қыркүйек
Онлайн жарияланды: 2026 жылғы 30 қазан
ӘОЖ: 615.276(574)
DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.5.20
Мақала түрі: Түпнұсқа ғылыми мақала
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІРКЕЛГЕН ҚҰРАМЫНДА ИБУПРОФЕН БАР ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ШЕКТІ БӨЛШЕК САУДА БАҒАЛАРЫН ТАЛДАУ: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМНІҢ СИПАТТАМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ
Андасова А.Ғ.1, Тлеубаева М.И.1, Ешенкулова Г.И.2
1«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Алматы, Қазақстан
2Astana IT университеті, Астана, Қазақстан
Түйін: Қазақстан Республикасында тіркелген құрамында ибупрофен бар дәрілік препараттардың құрылымын өндіруші елдері, дәрілік түрлері, дозалары және шекті бөлшек сауда бағалары бойынша талдау.
Зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі және уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен шекті бөлшек сауда бағалары туралы ресми деректер пайдаланылды. Дәрілік препараттың құрылымына сипаттамалық талдау жүргізіліп, тіркелген препараттардың салыстырмалы талдауы жүргізілді. Мемлекеттік тізілімдегі мәліметтер 2026 жылғы 16 ақпандағы жағдай бойынша, ал шекті бөлшек сауда бағалары 2026 жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша талданды.
Нәтижелер мен талқылау. Мемлекеттік тізілімде құрамында ибупрофен бар 69 тіркеу позициясы анықталды. Тіркелген препараттардың басым бөлігін шетелдік өндірушілер құрайды. Зерттеу нәтижелері бойынша суспензиялар ең жоғары үлесті құрады (36,2%), таблеткалар (31,9%) және капсулалар (14,5%) орналасты. Препараттардың шекті бөлшек сауда бағалары өндірушіге, дозасына, дәрілік түріне және қаптамадағы санына байланысты ерекшеленетіні анықталды. Бағалық талдау баға деректері қолжетімді 13 тіркеу позициясы бойынша жүргізілді. Әртүрлі дозадағы препараттардың бағаларын салыстыру үшін олардың бағасы 400 мг ибупрофенге шақталып есептелінді. Зерттеудің талдау бірлігі – тіркеу позициясы, яғни сауда атауы, дәрілік түрі, дозасы және қаптамасы бойынша жеке комбинация.
Қорытынды. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасында тіркелген құрамында ибупрофен бар дәрілік препараттардың құрылымын сипаттайды және оларды өндіруші елдері, дәрілік түрлері мен бөлшек сауда бағасы бойынша жүйелеуге мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер тіркелген дәрілік препараттарды мониторингілеу және кейінгі фармакоэкономикалық зерттеулер жүргізу кезінде қолданылуы мүмкін.
Түйінді сөздер: ибупрофен, дәрілік препараттар, дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі, шекті бөлшек сауда бағасы, салыстырмалы талдау.
количество просмотров / 👁 143












