Алынды: 16.05.2025 Қабылданды: 17.12.2025 Онлайн жарияланды: 29.12.2025
УДК: 616.379-008.64-085
DOI: 10.53511/pharmkaz.2025.6.1
ИСТА ДӘРІСІН КЛИНИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ
(АРАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕР)
Имaнгали Ә. С.²,¹, Алипова А.Т.¹, Жуманова Б.М.¹,
Унербаева С.А.², Большакова С.В.¹, Абуева А.Қ.¹
¹С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
²С. Д. Асфендияров атындағы Ішкі аурулар клиникасы,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Кіріспе. Ситаглиптин (Иста) 2 типті қант диабетін емдеуде кеңінен қолданылатын
препараттардың бірі. Қазақстанда Иста препаратының нақты клиникалық тәжірибедегі тиімділігі туралы деректер аз. Бұл мақалада клиникалық практика деңгейінде Иста қабылдаған науқастар бойынша жүргізілген аралық бақылаудың алғашқы нәтижелері және тиімділігі көрсетіледі.
Материалдар мен әдістер. Бұл зерттеуге артық салмақ және семіздікпен үйлескен 2 типті ҚД диагнозы расталған 43 пациент енгізілді. Пациенттердің орташа жасы 58,7±7,74 жылды, ауру ұзақтығы – 7,44±5,20 жылды құрады. Барлық пациенттерге Иста препараты 100 мг дозада күніне бір рет монотерапия немесе біріктірілген терапия ретінде тағайындалды. Зерттеу бастапқы кезеңде және 3 айдан кейін жүргізілді. Бірінші топқа 100 мг Иста препаратын монотерапия режимінде қабылдаған 11 пациент кірді. Екінші топ 100 мг Иста препаратын бигуанидтермен, натрий-глюкоза котранспортері-2 (SGLT-2) тежегіштерімен және базальды инсулинмен біріктіріп қабылдаған 28 пациенттен тұрды. Бастапқы кезеңде және 3 айлық терапиядан кейін гликирленген гемоглобин (HbA1c) деңгейі, дене салмағы, дене салмағының индексі (ДСИ), бел айналымы (БА), висцералды май деңгейі, сондай-ақ липидтік профиль көрсеткіштері (жалпы холестерин, төмен тығыздықтағы липопротеидтер (ЛПТТ), жоғары тығыздықтағы липопротеидтер (ЛПЖТ) және триглицеридтер) бағаланды.
Нәтижелер мен талқылау. Аралық клиникалық және зертханалық деректерге сәйкес, 12
аптадан кейін 2 типті ҚД бар пациенттерде дене салмағы мен висцералды майдың төмендеуінде статистикалық тұрғыдан маңызды оң динамика байқалды, сондай-ақ зертханалық көрсеткіштердің қалыпқа келу үрдісі тіркелді. Гликирленген гемоглобин деңгейі бірінші топта орта есеппен 13%-ға (p< 0,051706), екінші топта 10,7%-ға (p < 0,01) төмендеді. Дене салмағы бірінші топта 2%-ға (p <0,00034), екінші топта 2,4%-ға (p < 0,000909) азайды. Висцералды май екі топта да 10%-ға төмендеді (бірінші топ: p < 0,089, екінші топ: p < 0,00004). Зерттеуге қатысқан 43 пациенттің барлығы терапияны жақсы көтерді, емдеу барысында жағымсыз әсерлер тіркелген жоқ.
Қорытынды. Аралық зерттеу нәтижелері Иста (Ситаглиптин) препаратының 2 типті ҚД
емдеудегі тиімділігін растайды. Ситаглиптинді басқа пероральді гипогликемиялық препараттармен біріктіріп қолдану гликемия деңгейі мен висцералды майдың айтарлықтай төмендеуіне ықпал етті.
Түйінді сөздер: 2 типті қант диабеті, висцералды май, инкретиндер, ДДП-4 тежегіштері,
Ситаглиптин, Иста, TECOS.
(АРАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕР)













