ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРДЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ТУРАЛЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Алынды: 16 ақпан 2026
Қабылданды: 18 ақпан 2026
Онлайн жарияланды: 27 ақпан 2026
УДК: 614.27:615.1(574)
DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.1.3

 

ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРДЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ТУРАЛЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Алдиярова Н.Т. ¹, Кузденбаева Р.С. ¹’², Макалкина Л.Г. ¹’³
¹ «Клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығы» РҚБ,
Астана, Қазақстан
² ҚР ДСМ «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК,
Алматы, Қазақстан
³ «Астана медицина университеті» КЕАҚ, Астана, Қазақстан

 

Кіріспе. Дәрілік препараттардың қолжетімділігі – денсаулық сақтаудың жалпыға бірдей
қамтылуының және ұлттық денсаулық сақтау жүйелерінің тұрақтылығының негізгі құрамдас
бөлігі болып табылады. Халықаралық ұсынымдар мен реттеуші тетіктердің болуына
қарамастан, дәрілік заттардың тапшылығы және кейбір клиникалық маңызы бар препараттарға
шектеулі қолжетімділік әлемнің көптеген елдерінде сақталуда.

Мақсаты. Дәрілік препараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық
тәжірибені жинақтау және фармацевтикалық саясат пен фармакоэпидемиология тұрғысынан
Қазақстан Республикасындағы қолжетімділік мәселелерінің негізгі олқылықтарын талдау.

Әдістері. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ), Еуропалық Одақ (ЕО) пен
Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) реттеуші органдарының халықаралық деректері,
есептері мен ұсынымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілеріне шолу жүргізілді. Халықаралық тәжірибелерді салыстырмалы талдау және
фармакоэпидемиологиялық тәсіл қолданылды.

Нәтижелері. Халықаралық тәжірибе дәрілік заттар тапшылығына реактивті жауап беру
үлгілерінен қолжетімділікті проактивті басқаруға көшу үрдісін көрсетеді. Бұл мониторинг
жүйелерін енгізуді, аса маңызды дәрілік заттар тізімдерін қалыптастыруды және салааралық
үйлестіруді қамтиды. Қазақстанда дәрілік препараттардың, оның ішінде Access және Reserve
топтарына жататын антибиотиктердің қолжетімділігінде жүйелік олқылықтар анықталды. Бұл
тіркеудің пассивті үлгісімен, нарықтың экономикалық тартымдылығының төмендігімен және
медициналық ұйымдар деңгейінде қолжетімділікті жүйелі мониторингтеудің болмауымен
байланысты.

Қорытынды. Қазақстанда дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттыру институционалдық
өзгерістерді, фармакоэпидемиологиялық деректерді басқарушылық шешімдер қабылдау
үдерісіне енгізуді және фармацевтикалық саясаттың проактивті моделіне көшуді талап етеді.

Түйінді сөздер: дәрілік заттардың қолжетімділігі, дәрілік заттар тапшылығы, фармацевтикалық саясат, антибиотиктер, AWaRe, фармакоэпидемиология, Қазақстан.

количество просмотров / 👁 475

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған