ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ БИІК ТАУЛЫ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ SCUTELLARIA SIEVERSII BUNGE (LAMIACEAE): ЭКО-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІ ЖӘНЕ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

Редакцияға түсті: 18.01.2026
Баспаға қабылданды: 22.02.2026
Онлайн жарияланды: 27.02.2026
УДК: 581.9:615.32
DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.1.5

 

ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ БИІК ТАУЛЫ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ SCUTELLARIA SIEVERSII BUNGE (LAMIACEAE): ЭКО-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІ ЖӘНЕ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

 

Абдуалиева Ж.А. ¹, Мамурова А.Т. ¹, Ахтаева Н.З. ¹, Киекбаева Л.Н. ², Нурмаханова А.С. ¹
¹ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Алматы, Қазақстан
² 2 С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Алматы, Қазақстан

 

Түйін: Мақалада Іле Алатауы флорасындағы Scutellaria sieversii Bunge өсімдігінің
морфологиялық, экологиялық және фармакологиялық потенциалы ғылыми деректер негізінде
талданады. Қазақстанның таулы аймақтарындағы биоалуантүрлілікті сақтау мен дәрілік
өсімдіктер қорын тиімді пайдалану мәселелері аясында аталған түрдің таралу аймағы,
экологиялық бейімділігі және биоактивті қосылыстары қарастырылады. Зерттеу барысында
флоралық және экологиялық еңбектердегі мәліметтер сараланып, өсімдіктің табиғи
популяцияларының тұрақтылығы мен биоресурстық маңызы анықталады. Сонымен қатар
Scutellaria туысына тән фармакологиялық қасиеттер негізінде түрдің болашақта
фитопрепараттар әзірлеуде қолданылу мүмкіндігі бағаланады. Нәтижесінде Scutellaria sieversii
Іле Алатауы флорасындағы перспективті дәрілік өсімдік ретінде ғылыми тұрғыдан негізделеді.

Зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Зерттеу әдістері мен әдіснамасы ретінде ботаникалық
сипаттама, флоралық салыстырмалы талдау және әдеби дереккөздерді жүйелеу қолданылды.
Түрдің морфологиялық ерекшеліктерін сипаттауда таксономиялық еңбектерге сүйену
маңызды болды. Сонымен қатар Іле Алатауының өсімдік қауымдастықтары туралы
экологиялық зерттеулер арқылы түрдің таралу аймағы мен экологиялық бейімділігі
анықталды. Дәрілік әлеуетін бағалау барысында фитохимиялық және фармакологиялық
бағыттағы зерттеулердің нәтижелері салыстырмалы түрде қарастырылды.

Нәтижелер мен талқылау. Зерттеу нәтижесінде Scutellaria sieversii Bunge биіктігі 12–40 см.
дейін жететін көпжылдық өсімдік екендігі айқын байқалды. Тамыры сүректі, негізгі тамыр
(кіндік) жерге жабыса жайылып, тармақталып орналасқан. Сабақтары көп, жоғары қарай
көтеріліп өседі немесе тік; кейде иілген не аздап иректелген болып келеді. Сирек түкті, кейде
тек түбінде ғана күлгінденіп тұрады. Жапырақтары: ұзындығы 0,7–3 см, ені 0,3–2 см; пішіні
үшбұрышты-жұмыртқа тәрізді, кейде созылыңқы. Түбі кесілген немесе кең сына тәрізді, ұшы
үшкірлеу.

Қорытынды. Scutellaria sieversii Bunge Іле Алатауы флорасындағы экологиялық және
биоресурстық маңызы жоғары өсімдік ретінде бағаланады. Ғылыми деректер түрдің
морфологиялық тұрақтылығы, экологиялық бейімділігі және әлеуетті дәрілік қасиеттері бар
екенін көрсетеді. Өсімдіктің химиялық құрамы мен фармакологиялық белсенділігі толық
зерттелмеген. Сондықтан S. sieversii келешекте жаңа табиғи препараттар мен биологиялық
белсенді қоспалар өндіруде маңызды шикізат көзі бола алады.

Түйінді сөздер: Scutellaria sieversii, Іле Алатауы, дәрілік өсімдік, флора, биоалуантүрлілік,
фитохимия.

количество просмотров / 👁 587

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған