ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ВИТАМИН D ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ СТРАТЕГИЯСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ БОЙЫНША САРАПТАМАЛЫҚ КОНСЕНСУС: ҒЫЛЫМИ ДЕРЕКТЕРДЕН НАҚТЫ ПРАКТИКАҒА ДЕЙІН

Редакцияға түсті: 26.03.2026
Баспаға қабылданды: 16.04.2026
Онлайн жарияланды: 29.04.2026
УДК: 616.391:577.161.2
DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.2.1

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ВИТАМИН D ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
СТРАТЕГИЯСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ БОЙЫНША САРАПТАМАЛЫҚ КОНСЕНСУС:
ҒЫЛЫМИ ДЕРЕКТЕРДЕН НАҚТЫ ПРАКТИКАҒА ДЕЙІН

Płudowski P.¹, Макалкина Л.Г.², Базарбекова Р.Б.³, Досанова А.К.³,
Тогизбаев Г.А.⁴, Габдулина Г.Х.⁵, Гребенникова Г.А.⁶, Джаимбетова А.П.⁶,
Каюмова Д.Т.⁷, Иргашева С.У.⁸, Бобушова Г.С.⁹
¹ Балалардың мемориалдық денсаулық институты, Варшава, Польша
² «Астана медицина университеті» КеАҚ, Астана, Қазақстан
³ «Қазақстан-Ресей медицина университеті» БҰ, Алматы, Қазақстан
⁴ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты, Алматы, Қазақстан
⁵ «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ, Алматы, Қазақстан
⁶ IRM Clinic, Алматы, Қазақстан
⁷ Ташкент мемлекеттік медицина университеті, Ташкент, Өзбекстан Республикасы
⁸ Өзбекстан Республикасы ДСМ Ана мен баланың денсаулығы республикалық мамандандырылған ғылымипрактикалық медициналық орталығы, Ташкент, Өзбекстан Республикасы
⁹ Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз Ресей-Славян университеті, Бішкек, Қырғыз Республикасы

Кіріспе. Витамин D тапшылығы мен жеткіліксіздігі Орталық Азияның елдерінде кеңінен таралған мәселе болып табылады. Бұл аймақтың географиялық орналасуымен, урбанизациямен және халықтың тамақтану ерекшеліктерімен байланысты. Витамин D кальций-фосфор алмасуын реттеуге қатысып қана қоймай, әртүрлі мүшелер мен жүйелерге плейотропты әсер ететіндіктен, оның жеткіліксіздігі мен тапшылығы аутоиммунды
аурулардың, метаболикалық бұзылыстардың, жүрек-қан тамырлары, гинекологиялық және репродуктивтік, ревматологиялық аурулардың дамуын қоса алғанда, белгісіз өтуден ауыр клиникалық көріністерге дейін ауқымды патологиялық жағдайлармен байланысты. Орталық Азия елдерінде витамин D жеткіліксіздігін диагностикалау, алдын алу және тапшылықты түзету мәселелері бойынша ұлттық және пәнаралық нұсқаулықтар әзірлеу витамин D тапшылығымен байланысты аурулардың таралуын азайтуға ықпал ете алатын тиімді профилактикалық бағдарламалар мен емдеу стратегияларын қалыптастырудың маңызды қадамы болып
табылады.

Мақсаты. Осы жұмыстың мақсаты пәнаралық талқылау нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсынымдарды бекітетін резолюция қалыптастыру болып табылады.

Әдістері. 2025 жылы 18 маусымында Орталық Азия мен Еуропа елдерінің эндокринология, акушерлік және гинекология, ревматология, клиникалық фармакология және өзге де медициналық мамандықтар саласындағы сарапшылардың қатысуымен Сараптама кеңесінің отырысы ұйымдастырылды.

Нәтижелер. Сараптама кеңесінің отырысы қорытындысы бойынша қазіргі заманғы халықаралық клиникалық ұсынымдар, ғылыми зерттеулер деректері және өзекті эпидемиологиялық мәліметтер қаралды, содан кейін витамин D метаболиттерінің бастапқы деңгейіне байланысты әртүрлі жас топтарындағы витамин D жеткіліксіздігінің алдын алу мен тапшылықты түзетуге қатысты келісілген ұсынымдарды бейнелейтін резолюция
қалыптастырылды.

Талқылау. Сараптамалық талқылау Орталық Азия елдерінде витамин D тапшылығын диагностикалау, түзету және алдын алу бойынша бірыңғай пәнаралық тәсілдердің қажеттілігін көрсетті.

Қорытынды. Ұсынылған ұсынымдар Орталық Азия елдерінде ұлттық клиникалық хаттамалар әзірлеудің және тиімді профилактикалық және емдеу стратегияларын енгізудің негізі бола алады.

Түйінді сөздер: Витамин D, 25-гидроксивитамин D, витамин D тапшылығы, витамин D жеткіліксіздігі, гиповитаминоз D, авитаминоз D, профилактика, холекальциферол, Орталық Азия.

количество просмотров / 👁 461

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған