Редакцияға түсті: 25.12. 2025
Баспаға қабылданды: 21.04.2026
Онлайн жарияланды: 29.04.2026 г.
УДК: 615.03:615.281.8:616.992-085
DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.2.2
РЕЗИСТЕНТТІ САҢЫРАУҚҰЛАҚТЫҚ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫҢ АНТИМИКОТИКАЛЫҚ
ТЕРАПИЯСЫНА ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕР: ЖАҢА ПРЕПАРАТТАР МЕН PK/PDТӘСІЛДЕРДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ-ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ
Оспанова Ақмарал Мыктбековна¹,
Ысрайыл Айгерім Әуелбекқызы¹,
Рахманбердиева Айзере Нұрлыбекқызы¹,
Тойлыбай Ұлжан Қайратқызы¹,
Курбанова Бағила Молдиярқызы¹,
Хашимов Хусан Шавкатович¹,
Убаев Дониёр Абдухаппарович¹
¹ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, жоғары медициналық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті, жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасы, Түркістан, Қазақстан
Кіріспе. Азолдар мен аллиламиндерге дерматофиттер мен ашытқы саңырауқұлақтарының төзімділігінің артуы антимикотикалық терапияны фармакокинетикалық негізде таңдау қажеттілігін туындатады.
Мақсат. Өсіп келе жатқан резистенттілік жағдайында заманауи антимикотикалық препараттардың (соның ішінде жаңа молекулалар мен жүйелі құралдардың) фармакокинетикалық параметрлері мен оларды дерматомикоздар кезінде қолдану әлеуетін бағалай отырып, жүйелі талдау жүргізу.
Материалдар мен әдістер. PRISMA 2020 хаттамасының элементтерін пайдалана отырып, PubMed, Scopus және Web of Science дерекқорларында (2020-2025 жж.) құрылымдалған жүйелендірілген іздеу жүргізілді. Іздеу стратегиясына MeSH терминдері, негізгі сөздер және логикалық операторлар енгізілді. 27 дереккөздің әдістемелік сапасы зерттеу дизайнына сәйкес RoB 2 және AMSTAR-2 құралдары арқылы бағаланды.
Нәтижелер. Азолдардың тиімділігі AUC/MIC ≥25 көрсеткішіне, эхинокандиндердің тиімділігі Cmax/MIC көрсеткішіне сәйкес келеді. Жаңа препараттар (ибрексафунгерп, резафунгин, олорофим) кросс-резистентті штамдарға қарсы белсенділік көрсетеді. Жоғары липофильділік пен кератинге ену қабілеті онихомикоздарды емдеуде тиімділікті анықтайды.
Талқылау. Алынған деректер жаңа молекулаларды тері микоздары кезінде қолдану клиникалықфармакологиялық тұрғыдан сақтықпен түсіндірілуі тиіс екенін көрсетеді, себебі дәлелдердің бір бөлігі жүйелі және инвазиялық зеңдік инфекциялар бойынша алынған. Сонымен қатар PK/PD-тәсіл, қоздырғыштардың сезімталдығын бағалау және резистенттіліктің аймақтық ерекшеліктерін ескеру терапияны таңдаудың негізділігін арттыруы мүмкін.
Қорытынды. Терінің микоздарын емдеуді оңтайландыру PK/PD-бағытталған стратегияны кеңірек қолданумен және молекулалық диагностиканы клиникалық практикаға кезең-кезеңімен енгізумен байланысты болуы мүмкін.
Түйінді сөздер: терінің микоздары, клиникалық фармакология, антимикотиктер, PK/PD, резистенттік, Phase III.
количество просмотров / 👁 371












