WISTAR ЖЕЛІСІНДЕГІ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ МҮШЕЛЕРІ МЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҚТАРЫНДА ПРЕГАБАЛИННІҢ ЖЕДЕЛ ПЕРОРАЛЬДЫ УЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ТАРАЛУЫН ГАЗДЫҚ ХРОМАТОГРАФИЯ–МАСС-СПЕКТРОМЕТРИЯ ӘДІСІМЕН ЗЕРТТЕУ

Алынды: 30.03.2026
Қабылданды: 26.05.2026
Онлайн жарияланды: 17.06.2026
ӘОЖ: 615.213:54.052:543.054
DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.3.5

WISTAR ЖЕЛІСІНДЕГІ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ МҮШЕЛЕРІ МЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ
СҰЙЫҚТЫҚТАРЫНДА ПРЕГАБАЛИННІҢ ЖЕДЕЛ ПЕРОРАЛЬДЫ УЛАНУ КЕЗІНДЕГІ
ТАРАЛУЫН ГАЗДЫҚ ХРОМАТОГРАФИЯ–МАСС-СПЕКТРОМЕТРИЯ ӘДІСІМЕН
ЗЕРТТЕУ

Пархатқызы Н. ¹, Шукирбекова А.Б. ², Усманалиева З.У. ³, Таржанова Д.Ш. ¹, Жантуреева А.А. ¹, Омарбек А.Ш. ¹, Махметов Р.Б. 4
¹ «Астана медицина университеті» КЕАҚ, Астана, Қазақстан
² «Алматы технологиялық университеті» АҚ, Алматы, Қазақстан
³ «Фармацевтикалық білім беру және зерттеулер институты», Ташкент, Өзбекстан
4 Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК, Астана, Қазақстан

Кіріспе. Прегабалиннің медициналық емес қолданылуына байланысты өлім жағдайларының көбеюі оның токсикологиялық бейінін нақтылаудың өзектілігін арттырады. Сот-медициналық диагностика мақсатында жедел уланулар кезінде заттың мүшелер мен тіндерде депонирлену заңдылықтарын анықтаудың маңызы зор. Прегабалиннің ең жоғары концентрациясы анықталатын биоматрицаларды белгілеу сараптамалық қорытындыларды объективтендіру және химико-токсикологиялық талдау алгоритмдерін жетілдіру үшін қажет.
Зерттеудің мақсаты – пероральды улану кезінде зертханалық жануарлардың мүшелері мен биологиялық сұйықтықтарында прегабалиннің таралуын зерттеу.

Әдістер. Кеміргіштердің организмінде прегабалиннің таралуын зерттеу үшін В.Ф. Крамаренконың модификацияланған оқшаулау әдісі қолданылды. Нысаналы қосылыстарды тазарту сұйықтық–сұйықтық экстракция әдісімен жүргізілді. Прегабалинді идентификациялау және сандық анықтау газдық хроматография–масс-спектрометрия (ГХ–МС) әдісімен орындалды. Зерттеу Wistar желісіндегі 15 жетілген аналық егеуқұйрықта жүргізілді, олар 5 топқа бөлінді. 1-топ – бақылау тобы (зат енгізілмеді). Тәжірибелік топтар: 2-топ – 1200 мг/кг дозада прегабалин, 3-топ – 2000 мг/кг, 4-топ – 3500 мг/кг, 5-топ – 5000 мг/кг.

Нәтижелер. Жүргізілген эксперимент нәтижелері бойынша зерттелетін заттың ең жоғары мөлшері бүйректе – 3279,839 мг/100 г, асқазан мен оның құрамында – 3231,265 мг/100 г және несепте – 2885,746 мг/100 г анықталды.

Талқылау. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде жедел пероральды улану кезінде прегабалиннің организмде таралу ерекшеліктері зерттелді. Заттың ең жоғары концентрациясы бүйректе, асқазан мен оның құрамында және несепте анықталды, бұл аналиттің физика-химиялық қасиеттерімен және оның шығарылу жолымен түсіндіріледі. Алынған мәліметтер прегабалиннің биологиялық объектілерде өзгермеген күйде анықталатынын көрсетеді, бұл химико-токсикологиялық талдауды жеңілдетіп, ГХ–МС әдісін сенімді идентификация құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. В.Ф. Крамаренконың модификацияланған оқшаулау әдісін газдық хроматография–массспектрометриямен үйлестіру бүйректе (79,8%), плазмада (86,4%) және несепте (91,2%) жоғары экстракция дәрежесін және жоғары селективтілікті қамтамасыз етеді. Алынған нәтижелер көрсетілген биологиялық объектілерді прегабалинмен улану жағдайында сот-химиялық сараптамада басым матрицалар ретінде ұсынуға мүмкіндік береді.

Түйінді сөздер: прегабалин, организмдегі таралуы, сот-химиялық талдау.

количество просмотров / 👁 144

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған