HERMETIA ILLUCENS МАЙЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ МАЙ ҚЫШҚЫЛДАРЫН IN SILICO БАҒАЛАУ

Алынды: 2026 жылғы 22 мамыр

Қабылданды: 2026 жылғы 15 шілде

Онлайн жарияланды: 2026 жылғы 21 тамыз

ӘОЖ: 615.262.1:615.015:638.127

DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.4.17

 

HERMETIA ILLUCENS МАЙЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ МАЙ ҚЫШҚЫЛДАРЫН IN SILICO БАҒАЛАУ

 

Исмаил-оглы М.К.1, Устенова Г.О.1

1 «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ, Алматы, Қазақстан

 

Кіріспе. Қара сарбаз шыбынының (Hermetia illucens L.) дернәсіл майы — жоғары лаурин қышқылы мөлшерімен ерекшеленетін бейдәстүрлі липидтік шикізат [1]. Аталған ерекшелік оны дерматологиялық дәрілік форма жасауда қызықты нысанға айналдырады [2]. Дегенмен дерматологиялық препараттар тұрғысынан бұл майдың молекулалық-фармакокинетикалық сипаттамалары жүйелі зерттелмеген [2].

Зерттеудің мақсаты. SwissADME платформасы арқылы қара сарбаз шыбыны дернәсіл майының сегіз негізгі май қышқылының in silico фармакокинетикалық профилін бағалау, сондай-ақ оларды дерматологиялық жергілікті дәрілік форма құрамында пайдалану мүмкіндігін негіздеу.

Материалдар мен әдістер. Жұмыс «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК зертханасында «EcoRich» ЖК шикізатынан алынған май үлгісіне жүргізілді. Майқышқылдық профиль газды хроматография әдісімен анықталған. Әрбір қышқыл үшін SwissADME жүйесінде молекулалық масса, logP, TPSA (топологиялық полярлы бет ауданы), GI-абсорбция (асқазан-ішек жолы сіңімділігі), logKp, P-гликопротеинмен байланыс, CYP450 (цитохром 450) тежелу ықтималдығы, Липински ережесіне сәйкестік және PAINS/Brenk профилі есептелді.

Кестедегі май қышқылдарының үлесі (%) нақты хроматографиялық өлшеу нәтижесі, ал MW, logP, TPSA сияқты көрсеткіштер SwissADME платформасы әр қышқылдың құрылымына сүйеніп есептейтін тұрақты шама, сол себепті оларға орташа мән мен ауытқу қолданылмайды [4].

Нәтижелер. Зерттелген сегіз май қышқылының барлығы жоғары GI-абсорбция деңгейін көрсетті. Есептік биожетімділік ықтималдығы әрбір молекула үшін 0,85 деңгейінде болды.

Зерттелген молекулалардың барлығында жалғыз полярлы карбоксил тобының болуына байланысты TPSA мәні 37,30 Ų деңгейінде бірдей болды. TPSA мәні 60 Ų-тен төмен болған жағдайда молекула липидтік қабықшалардан өтімділігі жеңіл деп есептеледі [5].

Олеин, линол және линолен қышқылдары үшін есептелген logKp = −2,60. Бұл теріс мән 0-ге жақын болған сайын, Потс–Гай моделі бойынша тері арқылы пассивті өтімділіктің салыстырмалы түрде жоғары деңгейін көрсетеді. LogKp мәнінің теріс жағы неғұрлым аз болса, молекуланың тері бариерінен өту қабілеті соғұрлым жоғары болады [3].

Талқылау. Молекулалық болжау деректер жиынтығы Hermetia illucens дернәсіл майын дерматологиялық эмульгель құрамына белсенді липидтік компонент ретінде енгізудің фармакокинетикалық негіздемесін нығайтады. Лаурин қышқылының жоғары үлесі антимикробтық белсенділік пен тері өтімділігін арттыру мүмкіндігін туғызса, қанықпаған қышқылдардың болуы эмульсиялық-гельдік жүйесінің құрылымдық-механикалық қасиеттеріне оң әсер етуі мүмкін. SwissADME таңдалуының себебі платформа ашық әрі тегін қолжетімді, әрі бір жұмыста бірнеше маңызды параметр consensus logP-тен бастап logKp-ге дейін есептей алады. Дегенмен нәтиже болжам ғана болғандықтан, эмульгель негізінің немен жасалғаны, белсенді заттың қалай босап шығатыны және теріде нақты әсерін бөлек тексеруді қажет етеді [3].

Түйінді сөздер: Hermetia illucens дернәсілдері, қара сарбаз шыбыны, in silico талдау, SwissADME, май қышқылдары, фармакокинетика, эмульгель, лаурин қышқылы.

количество просмотров / 👁 12

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған