RHODIOLA ROSEA ҚҰРҒАҚ ЭКСТРАКТЫН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ВАЛИДАЦИЯЛАУ

Алынды: 05.05.2026

Қабылданды: 18.08.2026

Онлайн жарияланды: 21.08.2026

ӘОЖ: 615.322:615.453:615.072

DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.4.16

 

RHODIOLA ROSEA ҚҰРҒАҚ ЭКСТРАКТЫН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ВАЛИДАЦИЯЛАУ

 

Ибрагимова Л.Н. ¹, ИбадуллаеваҒ.С. 1, Дарбасов Б.Б. 2, Ридванов Ч.И. 3, Енсебаева Г.Б. ¹, Петренко А.А. ¹, Ибрагимова Р.З. 4, ЕркиноваА.Н.1

¹ С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

2«Қазақстан-Ресей медициналық университеті» Алматы қ., Қазақстан Республикасы

3Abdi Ibrahim Global Pharm ЖШС, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
4Айша Бибі атындағы дарынды қыздарға арналған «Білім-Инновация» лицейі КММТараз қ., Қазақстан Республикасы

 

Кіріспе. Rhodiola rosea ең көп зерттелген адаптогендердің бірі болып табылады, алайда экстракция және кептіру параметрлерінің маркерлік қосылыстардың тұрақтылығына әсері жеткілікті деңгейде зерттелмеген.

Мақсаты. Rhodiola rosea өсімдігінен құрғақ экстракт алу технологиясын әзірлеу және оны ғылыми тұрғыдан негіздеу, сондай-ақ биологиялық белсенді заттардың сақталуын және дайын өнімнің сапасын қамтамасыз ету тұрғысынан экстракция параметрлері мен кептіру әдістерінің әсерін бағалау арқылы осы технологияны валидациялау.

Әдістер. Зерттеу үш пилоттық-өндірістік серияда жүргізілді. Тәуекелді бағалау (FMEA) жүргізіліп, маңызды технологиялық параметрлер (CPP) айқындалды. Статистикалық бағалау Minitab® 21 бағдарламалық жасақтамасында бақылау карталары мен процесс қабілеттілігі индекстерін (Cp, Cpk) қолдану арқылы жүргізілді. Сапа көрсеткіштері фармакопеялық талдау әдістерімен бағаланды.

Нәтижелер. Процестің ең маңызды кезеңдері шикізатты дайындау және экстракциялау болып анықталды (RPN ≥ 40). Зерттелген барлық параметрлер статистикалық тұрғыдан: Cp және Cpk мәндері 1,5-тен жоғары болып, процестің жоғары қайталанғыштығын көрсетті. Дайын өнімнің қалдық ылғалдылығы барлық серияларда 5%-дан төмен болды. Салидрозид мөлшері 0,7%-дан, ал жалпы розавиндер мөлшері 1,1%-дан жоғары болып, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келді және оларды арттырды. Микробиологиялық тазалық көрсеткіштері фармакопея талаптарына толық сәйкес болды.

Қорытынды. Rhodiola rosea өсімдігінің құрғақ экстрактын алу технологиясын әзірлеу және валидациялау оның өндірісіне оңтайлы жағдайларды негіздеуге мүмкіндік берді. FMEA талдаудың негізінде маңызды технологиялық параметрлер анықталды, ал валидация нәтижелері олардың қайталанғыштығы мен өндірістік қолдануға жарамдылығын растады.

Түйін сөздер: Rhodiola rosea, құрғақ экстракт, тәуекелдерді бағалау, FMEA, процесті валидациялау, бақылау карталары, салидрозид, розавиндер.

количество просмотров / 👁 13

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған