АЛЬПА ШҰБАРШӨБІ ШӨБІНЕН АЛЫНҒАН СЫҒЫНДЫНЫҢ ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ СОЗЫЛМАЛЫ УЫТТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

Алынды: 2026 жылғы 07 маусым

Қабылданды: 2026 жылғы 31 шілде

Онлайн жарияланды: 2026 жылғы 21 тамыз

ӘОЖ: 615.322

DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.4.1

 

АЛЬПА ШҰБАРШӨБІ ШӨБІНЕН АЛЫНҒАН СЫҒЫНДЫНЫҢ ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ СОЗЫЛМАЛЫ УЫТТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

 

Қаржаубаева А.Д1., Орынбасарова К.К1., Пернебекова Р.К.1,2,

Турсубекова Б.И.3, Мамыкова Р.У.4

¹ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан

2Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,

Түркістан қ., Қазақстан

3М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан

4Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан  педагогикалық университеті,

Шымкент қ., Қазақстан

 

Кіріспе. Қазіргі уақытта өсімдік дәрілік заттары түрлі ауруларды алдын алу мен емдеуде айтарлықтай орын алып, халықтың денсаулығын нығайту мен сақтауына ықпал етеді. Олардың айқын терапевтік тиімділігі мен профилактикалық әсері дәрілік өсімдік шикізатында кездесетін биологиялық белсенді заттардың үйлесімді құрамымен түсіндіріледі. Дәрілік өсімдіктерден алынған дәрілік құралдардың тек фармакологиялық белсенділігін ғана емес, сонымен бірге олардың қауіпсіздігін де зерттеудің тереңдетілген қажеттілігін айқындайды. Зерттеу мақсаты альпа шұбаршөбі шөбінен алынған сығындының жедел және созылмалы уыттылығын зерттеу арқылы оның қауіпсіздік деңгейін бағалау.

Әдістер: Зерттеуді орындау үшін  Saussurea alpinа (L.) DC. өсімдігінің жер үсті бөліктері қолданылды. Шикізат 2022 жылдың тамыз айында Түркістан облысының аумағында жаппай гүлдену кезеңінде жиналды. Зерттелетін қосылыстардың «жедел уыттылығын» бағалау жедел экспериментте химиялық заттардың уыттылығын анықтаудың жалпы қабылданған тәсілін қолдана отырып жүргізілді – «UpandDown» әдісі,оның негізгі ережелері экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының №425 химиялық қосылыстардың ауызша уыттылығын Бағалау жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген. Жедел уыттылықты зерттеу 2 кезеңде жүзеге асырылады: шекті (2000 мг/кг, ауызша) және негізгі тест.

Нәтижелер: Тікелей эксперимент жүргізбес бұрын, жануарлар 14 күн бойы карантиндік бөлімге орналастырылды. Тышқандарды 14 күн бойы бақылау жүргізілді. LD50 мәні ең жоғары ықтималдық әдісімен, AOT425StatPgm Report (2002) бағдарламалық қамтамасыздандыруын қолдану арқылы есептелді.

Талқылау: Алынған нәтижелердің негізінде талданатын объектілердің зертханалық жануарлардың ағзасына созылмалы (30 күндік енгізу) кезінде елеулі уытты әсерінің болмауы болжанады. Зерттелетін қосылыстар үшін алынған LD50 мәні қосылыс деректерін химиялық заттардың МСЖ-жіктелуі (мемлекеттік стандарттар жүйесі) бойынша  уыттылықтың 5-сыныбына жатқызуға мүмкіндік береді.

Қорытынды: Жедел уыттылық бойынша зерттеу нәтижелері көрсеткендей, шұбаршөп туысына жататын өсімдік сығындыларының LD50 мәні 2000 мг/кг-ға дейін болған жағдайда, жануарларда өлім-жітім байқалмады, ал клиникалық белгілерде де маңызды ауытқулар болмады. Созылмалы уыттылықты зерттеу кезінде, сығындылардың аталық және аналық егеуқұйрықтардың орталық жүйке жүйесіне және жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсері бойынша маңызды өзгерістер байқалмады.

Кілт сөздер: Saussurea alpinа (L.) DC., жедел уыттылық, созылмалы уыттылық, дәрілік өсімдік шикізаты.

количество просмотров / 👁 27

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған