ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА INMUNOTEK S.L. ӨНДІРІСІНІҢ АЛЛЕРГЕН-СПЕЦИФИКАЛЫҚ ИММУНОТЕРАПИЯ ПРЕПАРАТТАРЫН ҚОЛДАНУ: НАҚТЫ КЛИНИКАЛЫҚ ПРАКТИКА ДЕРЕКТЕРІН ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Алынды: 11 қыркүйек 2026 ж.

Қабылданды: 08 қазан 2026 ж.

Онлайн жарияланды: 30 қазан 2026 ж.

ӘОЖ: 616.211-002.193:616-022.8/9:615.37

DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.5.7

Мақала түрі: Түпнұсқалық ғылыми мақала

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА INMUNOTEK S.L. ӨНДІРІСІНІҢ АЛЛЕРГЕН-СПЕЦИФИКАЛЫҚ ИММУНОТЕРАПИЯ ПРЕПАРАТТАРЫН ҚОЛДАНУ: НАҚТЫ КЛИНИКАЛЫҚ ПРАКТИКА ДЕРЕКТЕРІН ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

Ковзель Е.Ф.¹, Тусупбекова Г.М.²˒³, Хайруллина З.С.⁵, Артыгалиева Д.Н.⁴, Володченко С.А.¹

¹ «University Medical Center» корпоративтік қоры, Астана, Қазақстан Республикасы
² Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы,

Астана, Қазақстан Республикасы
³ Астана медицина университеті, Астана, Қазақстан Республикасы
⁴ Allergo Clinic, Алматы, Қазақстан Республикасы
⁵ Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Ақтөбе, Қазақстан Республикасы

 

Кіріспе. Аллерген-спецификалық иммунотерапия (АСИТ) — IgE арқылы жүретін аллергиялық ауруларды емдеудің ауру ағымын өзгертетін әдісі. Қазақстанда нақты препараттарды күнделікті клиникалық практикада қолдану туралы деректер шектеулі.

Мақсаты. Қазақстан Республикасының мамандандырылған медициналық ұйымдарында Inmunotek S.L. өндірісінің АСИТ препараттарын қолдану тәжірибесін сипаттау.

Әдістер. 2023–2026 жылдары төрт медициналық ұйымның медициналық құжаттамасынан алынған жинақталған, дербестендірілмеген деректерге ретроспективті сипаттамалық талдау жүргізілді. 5 – 60 жас аралығындағы 1756 пациент қамтылды: 1709 пациент CLUSTEK® препаратымен тері астылық АСИТ, 47 пациент ORALTEK® препаратымен сублингвальді АСИТ алды. Жас құрылымы, аллергендер тағайындаулары, емдеу режимдері, аллергодиагностика әдістері және тіркелген жағымсыз реакциялар бағаланды. Бақылау тобы және клиникалық тиімділікті стандартталған бағалау болған жоқ.

Нәтижелері. 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдер саны 646 (36,8%) болды. Аллергендердің 2508 тіркелген тағайындауының ішінде жусан – 857 (34,2%), амброзия – 303 (12,1%), шалғындық шөптер – 280 (11,2%) және курай (сораң) – 251 (10,0%) басым болды. Төрт ұйымда да жыл бойғы АСИТ режимі басым қолданылды. Молекулалық аллергодиагностика, әсіресе полисенсибилизация кезінде, сенсибилизация бейінін нақтылау және клиникалық маңызды аллергенді таңдау үшін пайдаланылды. Жергілікті жағымсыз реакциялар 38 пациентте (2,2%), жүйелік реакциялар екі пациентте (0,11%) тіркелді; екі жүйелік реакция да Дүниежүзілік аллергия ұйымының жіктемесі бойынша III дәрежеге сәйкес келді. Жағымсыз реакцияларға байланысты емді толық тоқтату жағдайлары тіркелмеді.

Талқылау. Алынған деректер глутаральдегидпен модификацияланған аллергендік экстрактармен тері астылық АСИТ кезінде, оның ішінде балаларда, жергілікті реакциялардың жүйелік реакциялардан басым болатыны туралы жарияланған мәліметтермен сәйкес келеді. Арамшөп тозаңы аллергендерінің басымдығы зерттелген орталықтардағы аллергендік экспозиция мен пациенттердің жүгіну ерекшеліктерін көрсетуі мүмкін. Молекулалық аллергодиагностика клиникалық бағалауды толықтырды, бірақ оны алмастырмады. Қауіпсіздік көрсеткіштерін клиникалық зерттеулер деректерімен тікелей салыстыру дизайн мен реакциялар жиілігін есептеу тәсілдеріндегі айырмашылықтарға байланысты шектеулі.

Қорытынды. Нәтижелер төрт мамандандырылған орталықтың тәжірибесін, оның ішінде балаларға АСИТ жүргізуді, аллергендер спектрінің әртүрлілігін және жыл бойғы емдеу режимдерінің басымдығын сипаттайды. Ретроспективті дизайн мен клиникалық нәтижелердің стандартталған бағасының болмауы препараттардың тиімділігі немесе жағымсыз реакциялардың шынайы жиілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Нәтижелерді Қазақстандағы барлық пациенттерге жалпылауға болмайды. Болашақта клиникалық нәтижелер мен қауіпсіздікті бірыңғай бағалайтын көпорталықты зерттеулер қажет.

 

Түйін сөздер: аллерген-спецификалық иммунотерапия; аллергиялық ринит; бронх демікпесі; молекулалық аллергодиагностика; аллергоидтар; CLUSTEK; ORALTEK; Қазақстан.

количество просмотров / 👁 132

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған