Алынды: 27.04.2026
Қабылданды: 08.06.2026
Онлайн жарияланды: 17.06.2026
ӘОЖ: 615.322:616.1:339.13.017(574+476+470)
DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.3.4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНДАҒЫ ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАРЫ АУРУЛАРЫНА
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШӨПТІК ПРЕПАРАТТАР НАРЫҒЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ
ТАЛДАУЫ
С.К.Джабаркулова ¹, К.Д.Шертаева ¹, Г.И.Утегенова ¹, Г.Ж. Умурзахова ¹, Э.А.Серикбаева ², А.Д.Жанбырбаева ¹ ,Н.О.Макашева ²
¹ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан
² С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан
Өзектілігі. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары (ЖҚА), соның ішінде жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), миокард инфаркті (МИ), цереброваскулярлық аурулар (инсульт) және басқа да патологиялар бүкіл әлем бойынша өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. ЖҚА емдеуде дәстүрлі фармакотерапияның тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда, әсіресе стандартты фармакологиялық араласуларға сәйкес келмейтін пациенттер үшін, дәрілік өсімдік текті препараттарды баламалы емдеу құралы ретінде қолдануға қызығушылық артып келеді.
Зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасының және Ресей Федерациясының фармацевтикалық нарықтарындағы жүрек-қантамыр ауруларына қолданылатын шөптен жасалған дәрілік заттардың ассортиментіне салыстырмалы маркетингтік талдау жүргізу және олардың қолданылуына қатысты фармацевтика мамандары мен тұтынушылардың пікірлерін зерделеу.
Материалдар мен әдістер. Дәрілік өсімдік текті препараттардың ассортиментіне талдау Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімдері негізінде жүргізілді. Өсімдік текті препараттарды қолдану жөніндегі мамандардың пікірін зерттеу мақсатында әлеуметтік сауалнама әдісі пайдаланылды.
Нәтижелері. Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасы дәріхана мамандары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша жүрек-қантамыр ауруларын емдеуде ең жиі қолданылатын препараттар антигипертензивтік дәрілер (бета-адреноблокаторлар, АӨФ тежегіштері, ангиотензин II рецепторларының блокаторлары, диуретиктер, кальций өзекшелерінің блокаторлары), антиагреганттар (ацетилсалицил қышқылы) және статиндер екені анықталды. Рецептісіз босатылатын препараттар ішінде жүрек
тамшылары, фитошайлар, долана, шүйгіншөп және сасықшөп тұнбалары, сондай-ақ седативтік әсері бар тамшылар жоғары сұранысқа ие болды. Ресей Федерациясының Пятигорск қаласында жүргізілген сауалнама деректері жүрек-қантамыр ауруларын емдеуге арналған дәрілік препараттардың негізгі тұтынушылары 45 жастан асқан, көбінесе 60–81 жас аралығындағы, табыс деңгейі төмен әйелдер екенін көрсетті. Сауалнамаға қатысқандардың 53,3%-ы еңбек
қызметімен айналысады, оның ішінде жұмысын жалғастырып жүрген зейнеткерлер де бар, ал 33,3%-ын жұмыс істемейтін зейнеткерлер құрады. Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларында қолданылатын тіркелген дәрілік өсімдік текті препараттардың құрылымында Беларусь Республикасында импорттық өндірістегі препараттар басым үлеске ие болды (54,90%), бұл отандық әзірлемелер есебінен ассортиментті кеңейту әлеуетінің бар екенін көрсетеді.
Қорытынды. Зерттеу нәтижелері қазіргі заманғы өсімдік тектес дәрілік препараттардың отандық өндірісін одан әрі дамыту, олардың ассортиментін кеңейту және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу және кешенді емдеу үшін шөптік препараттарды таңдауда фармацевтикалық кеңес берудің рөлін арттыру қажеттілігін көрсетеді.
Түйінді сөздер: жүрек-қантамыр жүйесі, дәрілік өсімдіктер, сауалнама, фармацевтер, фитотерапия
количество просмотров / 👁 306












