СТЕРОИДТЫ ЕМЕС ҚАБЫНУҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР МЕН ГАСТРОПРОТЕКТОРЛАРДЫҢ КОМБИНИРЛЕНГЕН ТЕРАПИЯСЫ: ҚАБЫНУҒА ҚАРСЫ ТЕРАПИЯНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ЖАҚСАРТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ

Алынды: 28.05.2026

Қабылданды: 09.10.2026

Онлайн жарияланды: 30.10.2026

ӘОЖ: 615.212:615.243

DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.5.3

Мақала түрі: Ғылыми шолу мақаласы

 

СТЕРОИДТЫ ЕМЕС ҚАБЫНУҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР МЕН ГАСТРОПРОТЕКТОРЛАРДЫҢ КОМБИНИРЛЕНГЕН ТЕРАПИЯСЫ: ҚАБЫНУҒА ҚАРСЫ ТЕРАПИЯНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ЖАҚСАРТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ

 

Асильбаева Д.А 1, Ахелова Ш.Л. 1, Каманова А.А. 1*, 

Ермұхамет Е.Ф.1, Маханова Ж.А.1, Әскербай Н.Б.1

1 «Астана медицина университеті» КеАҚ, Астана, Қазақстан Республикасы

 

Кіріспе. Мақаланың мақсаты – ҚҚСП-ды гастропротекторлармен біріктірілген қолдану мүмкіндіктері туралы заманауи әдеби деректерді талдау және олардың қабынуға қарсы терапияның қауіпсізідігін арттыру әлеуетін бағалау.

Зерттеудің әдістері мен материалдары. PubMed, Scopus, Web of Science және Google Scholar мәліметтер базаларында ҚҚСП-ң жанама әсер ету механизмдеріне, гастропротекторлар фармакологиясына және бекітілген комбинирленген дәрілік қалыптарға арналған отандық және шетелдік басылымдарға шолу жүргізілді.

Нәтижелер. Талдау көрсеткендей, ҚҚСП-ды, әсіресе бақыланатын босап шығу жүйесімен,  гастропротекторлармен бекітілген комбинацияларда қолдану қабынуға қарсы терапияның тиімділігін сақтай отырып, гастроинтестинальды асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді.

Талқылау. Мақалада гастропротекторларды қолдану арқылы қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен терапияның қауіпсіздігін арттырудың заманауи тәсілдеріне аналитикалық шолу ұсынылған. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың гастротоксикалық механизмдері, гастропротекторлардың әртүрлі топтарының рөлі, сондай-ақ компоненттері ретімен босап шығатын бекітілген дәрілік қалыптарды қоса алғанда, оларды комбинирлеп қолдану стратегиялары қарастырылған. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар мен гастропротекторлар комбинациясының клиникалық және технологиялық тиімділігі туралы мәліметтер келтірілген, бұл гастроинтестинальды асқынулар қаупінің төмендеуін және пациенттер компаленттілігінің артқанын көрсетеді.

Түйінді сөздер: қабынуға қарсы стероидты емес препраттар, қабынуға қарсы терапия, гастроуыттылық, гастропротекторлар, бекітілген комбинирленген дәрілік препарат.

количество просмотров / 👁 75

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған