Алынды: 13.10. 2025 Қабылданды: 18.12.2025 Онлайн жарияланды: 29.12.2025
УДК 615.322:547.94:66.061
DOI: 10.53511/pharmkaz.2025.6.5
ҮЛКЕН СҮИ ЕЛШӨП (CHELIDONIUM MAJUS L.) ӨСІМДІГІНІҢ ҚҰРҒАҚ ЭКСТРАКТЫН
УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЭКСТРАКЦИЯЛАУ ҮДЕРІСІН ОҢТАИ ЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛКАЛОИДТІК ПРОФИЛІ
¹ Мифтахова А.Ф., Уали Н.Н.
¹ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Химия және химиялық технология
факультеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Түйін. Бұл мақалада Chelidonium majus L. (үлкен сүи елшөп) өсімдігінен құрғақ экстракт алу
үшін ультрадыбыстық экстракциялау шарттарын оңтаи ландыру нәтижелері және оның
алкалоидтік профилі келтірілген.
Материалдар мен әдістер. Шикізат ретінде табиғи жағдаи да жиналған өсімдіктің кептірілген жер үсті бөліктері паи даланылды. Құрғақ экстракт ультрадыбыстық экстракциялау және кеи іннен сублимациялық кептіру (лиофилизация) әдістері арқылы алынды. Алкалоидтардың мөлшері жұқа қабатты хроматография және ГХ-МС әдістерімен анықталды.
Зерттеудің мақсаты: Chelidonium majus L. өсімдігінің құрғақ экстрактын алу технологиясын
оңтаи ландыру және оның алкалоидтік құрамын анықтау.
Нәтижелер. Ультрадыбыстық экстракциялау әдісі мацерациямен салыстырғанда экстрактивті
заттардың шығымын арттырып, экстракция уақытын қысқартатыны анықталды. Экстракт
құрамынан стилламин, протопин, хелидонин, коптизин және берберин сияқты биологиялық
белсенді алкалоидтар анықталды.
Қорытынды. Ұсынылған технология Chelidonium majus L. негізіндегі фитопрепараттарды
өндіру үшін қолдануға ұсынылады.
Түйінді сөздер: Chelidonium majus L., ультрадыбыстық экстракция, құрғақ экстракт,
алкалоидтар, фитопрепараттар, биологиялық белсенді заттар.
количество просмотров / 👁 618













