Алынды: 25 мая 2026 г.
Қабылданды: 26 мая 2026 г.
Онлайн жарияланды: 17 июня 2026 г.
ӘОЖ: 615.1:338.45(574):614.2
DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.3.9
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІБІ:
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ СЫНҚАТЕРЛЕР МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Денис В. Панченко¹,³, Фатима М. Смагулова², Салтанат А. Мамырбекова³
¹ Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК,
Астана қ., Қазақстан Республикасы
² «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» ММ, Астана қ., Қазақстан Республикасы
³ «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Кіріспе. Жаһандық трансформациялар және денсаулық сақтау жүйесінің реформалануы жағдайында фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен әлеуметтікэкономикалық тұрақты дамудың маңызды факторы ретінде стратегиялық мәнге ие болуда. Қазақстан Республикасы үшін саланың өсу әлеуетінің болуына қарамастан жоғары импортқа тәуелділік тән, бұл саланы жүйелі талдауды және тиімді даму моделін қалыптастыруды талап етеді.
Мақсаты. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібінің қазіргі жағдайына кешенді талдау жүргізу және денсаулық сақтау жүйесінің трансформациясы жағдайында оның тұрақты дамуының негізгі бағыттарын айқындау.
Материалдар мен әдістер. Зерттеу 2020–2025 жылдар аралығындағы қайталама деректерді талдау негізінде орындалды және жүйелік, салыстырмалы, статистикалық-экономикалық және нормативтік-құқықтық талдау әдістерін, сондай-ақ фармацевтикалық саланың халықаралық даму тәжірибесін жинақтау тәсілдерін қамтиды.
Нәтижелер мен қорытындылар. Саланың жалпы оң динамикасы анықталды, ол өндіріс көлемінің өсуімен (жедел деректер бойынша 2025 жылы 191,1 млрд теңге, өсім 8,7%) және тікелей шетелдік инвестициялар ағынының 1,56 есеге ұлғаюымен (2025 жылдың қорытындысы бойынша 142,8 млн АҚШ доллары) сипатталады. Сонымен қатар саланың дамуы шектеулі өсу моделімен сипатталады, мұнда өндірістік көрсеткіштердің өсуі жоғары импортқа тәуелділіктің (85%-ға дейін), өндірісті жергіліктендіру деңгейінің жеткіліксіздігімен және ғылыми-зерттеу әлеуетінің шектеулі дамуы қатар жүреді. Зерттеудің ғылыми үлесі саланы интеграцияланған
жүйе ретінде кешенді бағалауда, оның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі кластерлік тәсілдің рөлін негіздеуде және саланың дамуын шектеулі өсу моделі арқылы түсіндіруде көрінеді. Зерттеу нәтижелері саланың тұрақты дамуы өнеркәсіптік, ғылыми-технологиялық және реттеуші саясатты интеграциялауға негізделген кешенді модельге көшу жағдайында мүмкін екендігі көрсетілді.
Түйінді сөздер: фармацевтикалық өнеркәсіп, медициналық өнеркәсіп, тұрақты даму, денсаулық сақтау, импортты алмастыру, дәрілік қауіпсіздік.
количество просмотров / 👁 156












