ПЕРСПЕКТИВЫ ФИТОХИМИЧЕСКОГО ПРИМЕНЕНИЯ РАСТЕНИЙ РОДА МАКРОТОМИЯ (АРНЕБИЯ) И ИХ РОЛЬ В РАЦИОНАЛЬНОМ ПРИРОДОПОЛЬЗОВАНИИ (ОБЗОР)

Алынды: 2026 жылғы 04 мамыр
Қабылданды: 2026 жылғы 29 мамыр
Онлайн жарияланды: 2026 жылғы 17 маусым
ӘОЖ: 615.322 : 581.19 : 504.06
DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.3.11

ҚЫЗЫЛТАМЫР (АРНЕБИЯ) ТУЫСЫ ӨСІМДІКТЕРІН ФИТОХИМИЯЛЫҚ ҚОЛДАНУ
ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ТИІМДІ БАСҚАРУДАҒЫ РӨЛІ
(ШОЛУ)

Әбілова А.А.¹*, Орынбасарова К.К. ¹, Қаржаубаева А.Д. ¹, Пернебекова Р.К. ¹,², Турсубекова Б.И.³
¹ «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» акционерлік қоғамы, Шымкент, Қазақстан
² Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан
³ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

Түйін: Қызылтамыр (Арнебия) туысы өсімдіктері фитохимиялық құрамы бай, әсер ету спектрі кең құнды биологиялық белсенді заттардың көзі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты. Қызылтамыр туысы өсімдіктерінің биологиялық белсенді қосылыстарының құрамы, таралуы туралы деректерді қорытындылау және талдау, сондай-ақ олардың табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз етудегі рөлін бағалау.

Зерттеу әдістері мен материалдары. Зерттеу мақаласы PRISMA 2020 қағидаттарына сәйкес шолу ретінде жазылды.

Нәтижелер мен талқылау. Алынған деректер нәтижесінде Қызылтамыр (Арнебия) туысының өсімдіктерінің қабынуға қарсы, микробқа қарсы, антиоксидантты және жараларды жазу қасиеттері анықталды. Бұл белсенділіктері шикізат құрамында шиконин және оның туындылары, нафтохинондар, фенол қосылыстары секілді әсер етуші заттардың болуымен байланысты. Жұмыстың ғылыми жаңалығы өсімдіктің фармакологиялық белсенділігі туралы деректерді кешенді жүйелеу және оның әсер етуінің ортақ механизмдерін анықтау болып табылады.

Қорытынды. Қызылтамыр туысы түрлері жаңа фитопрепараттарды әзірлеу үшін ресурстық әлеуеті жоғары өсімдіктердің бірі болып табылады, оны өз кезегінде шикізаттын морфологиялық, фитохимиялық және экологиялық қырларын зерттеген ғылыми еңбектер дәлелдейді. Өсімдік түрлері туралы ғылыми еңбектердің болуына қарамастан, тәжірибеге енгізу үшін шикізатты стандарттау, қауіпсіздігін бағалау, клиникалық және өсімдіктің табиғи қорларын сақтаудың тұрақты тәсілдерін дамыту үшін зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан зерттеу жұмысындағы химиялық және экологиялық аспектілерді біріктіретін мәселеге кешенді
көзқарас зерттеудің құндылығын көрсетеді.

Түйінді сөздер: Arnebia туысы, Қызылтамыр туысы, биологиялық белсенді заттар, дәрілік өсімдіктер, биоалуантүрлілік

количество просмотров / 👁 181

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған