«COVID-19»-ДАН КЕЙІНГІ ПОСТУРАЛДЫ ОРТОСТАТИКАЛЫҚ ТАХИКАРДИЯНЫ ТИІМДІ ЕМДЕУДЕГІ ИВАБРАДИННІҢ РӨЛІ (әдеби шолу)

Алынды: 2026 жылғы 09 қаңтар

Қабылданды: 2026 жылғы 20 шілде

Онлайн жарияланды: 2026 жылғы 21 тамыз

ӘОЖ: 616.12-008:616.9:578.834.1-08-084

DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.4.3

 

«COVID-19»-ДАН КЕЙІНГІ ПОСТУРАЛДЫ ОРТОСТАТИКАЛЫҚ ТАХИКАРДИЯНЫ ТИІМДІ ЕМДЕУДЕГІ ИВАБРАДИННІҢ РӨЛІ (әдеби шолу)

 

Сейданова А.Е., Абдикадирова Х.Р., Икромова А.А.,

Абдинабиева С.С., Режаметова С.У., Әділ А.Т.

 «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, Қарағанды, Қазақстан

 

Кіріспе: COVID-19 әлемдік адамзат өркениетінің денсаулығы мен экономикасына орасан зор ықпалын тигізген жаңа коронавирустің түрі және ол 2019 жылы бүкіл әлемдік масштабтағы пандемияға ұласып, көптеген халыққа өлім зардабын тигізді. Коронавирустық инфекция пандемиясы тек жедел фазадағы өлім мен көптеген аурулардың туындауын жоғарлатып қана қоймай, уақыт өте келе көптеген науқастарда «постковидтік созылмалы симптомдардың» дамуына алып келді.

Постковидік синдромның бір көрінісі «Постуралды ортостатикалық тахикардия» болып табылады. Бұл мақалада постковидтік синдромның жиі кездесетін симптомы – тахикардияны тиімді емдеудігі If-арнасының тежегіші – ивабрадиннің патогенетикалық әсер ету механизміне тоқталып, оның рөлі жайлы жүргізілген зерттеулерге жүйелі әдеби шолу жасайтын боламыз.

Материалдар мен әдістер: постковидтік постуралды ортостатикалық тахикардия мен ивабрадинді қолдану арасындағы байланысты зерттеу үшін жан-жақты жүйелі шолу мен мета-талдау жасадық. Тиісті зерттеулер қолжетімді толық мәтінді ғылыми мақалалар дерекқорларынан алынды:  PubMed, MEDLINE, Embase, Cochrane Library, Mendeley, Web of Science және Scopus.

Нәтижелер және талқылаулар: Постуралды ортостатикалық тахикардияны емдеу кезінде мүшелерді қорғауды қамтамасыз  ететін – ивабрадин препараты жоғары тиімділік көрсетті. Зерттеу жұмысында, ивабрадинді COVID-19 инфекциясынан айыққан науқастарға қолданудың тәжірибелік мысалдары келтірілген. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, ивабрадинді постковидтік синдромның клиникалық көріністерін емдеуде болашақта қолдану мүмкіндігі туралы болжам жасалған.

Қорытынды: Ивабрадинді қолдану постуралды ортостатикалық тахикардияны тиімді емдеуге мүмкіндік береді және басқа да постковидтік кардиалды асқынулары бар науқастарды емдеуде маңызды рольге ие.

Түйінді сөздер: постковидтік синдром, постуралды ортостатикалық тахикардия, кардиалгия синдромы, SARS-COV-2, COVID-19 пандемиясы, if-арнасының тежегіші, ивабрадин.

количество просмотров / 👁 30

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған