Алынды: 28.04.2026
Қабылданды: 06.08.2026
Онлайн жарияланды: 21.08.2026
ӘОЖ: 581.412:582.715
DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.4.20
RHODIOLA KIRILOWII ЖӘНЕ AIZOPSIS HYBRIDA ТҮРЛЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ-АНАТОМИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ
Бекежанова Т.С.¹ , Караубаева А.А.¹ , Алламбергенова З.Б.¹ , Сакипова З.Б.1, Жапаркулова К.А.² , Отрадных И.Г.¹ , Зият А.И.¹ , Косылганова А.Е.² , Хасанова С.Р.³ , Кудашкина Н.В.³ , Кашфуллина К.И.³
¹ Фармация мектебі, инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан
² Фармация мектебі, биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан
³ Фармакогнозия және ботаника кафедрасы / Башқұрт мемлекеттік медицина университеті, Уфа, Ресей Федерациясы
Кіріспе. Зерттеу Қазақстан флорасындағы перспективалы дәрілік өсімдіктер есебінен отандық фармацияның шикізаттық базасын кеңейту және оларды фармакогностикалық стандарттау қажеттілігімен байланысты.
Мақсаты. Оңтүстік Қазақстан өңірінде өсетін Crassulaceae тұқымдасының өкілдері – Rhodiola kirilowii және Aizopsis hybrida түрлерін салыстырмалы фармакогностикалық және фитохимиялық зерттеу.
Әдістері. Зерттеу нысандары ретінде R. kirilowii өсімдігінің жерүсті және жерасты мүшелері және A. hybrida шөбі алынды. Макроскопиялық және микроскопиялық талдау, тауарлық көрсеткіштерді анықтау әдістері, жұқа қабатты хроматография, ультракүлгін детекциялы жоғары тиімді сұйықтық хроматографиясы және газды хроматография–масс-спектрометрия қолданылды.
Нәтижелері. Зерттелген шикізатты сәйкестендіруге мүмкіндік беретін морфологиялық-анатомиялық диагностикалық белгілер анықталды. Сапа көрсеткіштері (ылғалдылық, жалпы күл, 10% тұз қышқылында ерімейтін күл, минералдық қоспа) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясында келтірілген фармакопеялық әдістермен анықталды. Химиялық құрам мен метаболомдық профиль ЖҚХ, ЖТСХ-УК және ГХ-МС әдістерімен сипатталды.
Талқылау. Алынған нәтижелер Rhodiola kirilowii және Aizopsis hybrida түрлерінің өсімдік шикізатын сәйкестендіруге және оның сапасын бағалауға мүмкіндік беретін өзіне тән морфологиялық-анатомиялық және фитохимиялық белгілерге ие екенін көрсетті. Фенолдық қосылыстардың, фитостериндердің, май қышқылдарының және басқа да биологиялық белсенді заттардың болуы зерттелген түрлердің одан әрі стандарттау және фармакологиялық зерттеулер жүргізу үшін перспективалы екенін растайды.
Қорытынды. Алынған морфологиялық-анатомиялық және фитохимиялық деректер зерттелген шикізатты әрі қарай сәйкестендіру мен стандарттауға негіз болады. Анықталған қосылыстардың ықтимал биологиялық белсенділігі жеке эксперименттік зерттеулерде расталуы тиіс.
Түйінді сөздер: Rhodiola kirilowii, Aizopsis hybrida, Crassulaceae, дәрілік өсімдік шикізаты, фармакогностикалық талдау, фитохимиялық зерттеу, ЖҚХ, ЖТСХ-УК, ГХ-МС, стандарттау.













