Алынды: 2026 жылғы 13 шілде
Қабылданды: 2026 жылғы 18 тамыз
Онлайн жарияланды: 2026 жылғы 21 тамыз
ӘОЖ: 615.1:004.8:614.2.
DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.4.10
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДӘРІЛІК ЗАТТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЕНГІЗУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ МОДЕЛІН ӘЗІРЛЕУ
Жанбырбаева А.Д.1, Шертаева К.Д.1, Умурзахова Г.Ж.1, Утегенова Г.И.1,
Серикбаева Э.А.2, Макашева Н.О.2, Джабаркулова С.К.1
1Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы АҚ, Шымкент, Қазақстан Республикасы
2С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті,
Алматы, Қазақстан Республикасы
Кіріспе. Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру жағдайында тұрғындарды түнгі уақытта дәрілік заттармен үздіксіз және қауіпсіз қамтамасыз ету өзекті мәселе болып табылады. Түнгі фармацевтикалық қызмет көрсету кадр тапшылығы, фармацевтикалық қызметкердің жоғары жұмыс жүктемесі, шұғыл жүгінулер және дәрілік заттарды босату кезінде қателіктер туындау қаупімен сипатталады. Жасанды интеллект (ЖИ) фармацевттің кәсіби шешім қабылдауын ақпараттық тұрғыдан қолдауға мүмкіндік беретін перспективалы цифрлық құрал ретінде қарастырылуы мүмкін.
Зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасында тұрғындарды түнгі уақытта дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесіне жасанды интеллект енгізудің тұжырымдамалық моделін әзірлеу.
Материалдар мен әдістер. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және фармацевтикалық қызмет саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары және ЖИ-ді денсаулық сақтау мен фармацевтикалық практикада қолдануға арналған ғылыми жарияланымдар талданды. Контент-талдау, салыстырмалы және логикалық талдау, жүйелеу және тұжырымдамалық модельдеу әдістері қолданылды.
Нәтижелер. Түнгі фармацевтикалық қызмет көрсету жүйесінде ЖИ қолданудың негізгі бағыттары анықталды: сұраныстарды сәйкестендіру және құрылымдау, бастапқы фармацевтикалық сұрыптау, дәрілік өзара әрекеттесулер мен қарсы көрсетілімдерді талдау, фармацевттің шешім қабылдауын қолдау, фармацевтикалық кеңес беруді стандарттау, құжаттандыру және жүйе жұмысын кейінгі талдау. Осы бағыттарды біріктіретін сегіз кезеңдік тұжырымдамалық алгоритм әзірленді. Модельде ЖИ фармацевтті алмастыратын жүйе емес, кәсіби шешім қабылдауды қолдау құралы ретінде қарастырылады.
Талқылау. Ғылыми деректер ЖИ фармацевтикалық кеңес беру мен дәрілік ақпаратты өңдеуді қолдауда перспективалы екенін көрсетеді, алайда күрделі клиникалық шешімдер кезінде оның нәтижелері кәсіби фармацевтикалық бақылауды алмастыра алмайды. Сондықтан ұсынылған модельді енгізу кезінде тиісті дәріханалық практика қағидаларын, деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігін, адам тарапынан бақылауды, жүйені алдын ала валидациялауды және фармацевтердің цифрлық құзыреттілігін қамтамасыз ету маңызды. Модель қазіргі уақытта тұжырымдамалық сипатта және нақты дәріхана жағдайында апробациядан өтпеген.
Қорытынды. Ұсынылған сегіз кезеңдік модель ЖИ технологияларын түнгі фармацевтикалық қызмет көрсету жүйесіне қауіпсіз және жүйелі енгізудің тұжырымдамалық негізі бола алады. Оның практикалық тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін дәріхана ұйымдары жағдайында пилоттық апробация жүргізу қажет.
Түйінді сөздер: жасанды интеллект, түнгі фармацевтикалық қызмет, дәрілік қамтамасыз ету, фармацевтикалық көмек, цифрлық денсаулық сақтау, тиісті дәріханалық практика.
количество просмотров / 👁 29













