Алынды: 19.05.2026
Қабылданды: 14.07.2026
Онлайн жарияланды: 21.08.2026
ӘОЖ: 615.37:663.18
DOI: 10.53511/pharmkaz.2026.4.15
БАКТЕРИЯЛЫҚ ШТАММДАРДЫҢ ФЕНОТИПТІК СИПАТТАМАЛАРЫНЫҢ БАКТЕРИЯЛЫҚ ЛИЗАТТАРДЫҢ ИММУНОМОДУЛЯЦИЯЛАУШЫ ӘЛЕУЕТІНЕ ҚОСАТЫН ҮЛЕСІ
Жаумитбаева Г.А.1, Джумагазиева А.Б.2
1 «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Алматы, Қазақстан
2 «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ, Алматы, Қазақстан
Кіріспе. Микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігінің артуы тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы инфекцияларының алдын алу мен емдеудің баламалы тәсілдерін іздеу қажеттілігін туындатады. Перспективалы бағыттардың бірі – иммундық жауапты ынталандыруға және респираторлық инфекциялар кезінде организмнің қорғанысын күшейтуге қабілетті бактериялық лизаттар негізіндегі иммунобиологиялық препараттарды қолдану.
Зерттеудің мақсаты – тыныс алу жолдарының инфекцияларымен байланысты бактериялық штамдардың фенотиптік сипаттамаларын зерттеу, оларды лизиске ұшырату әдісін таңдауды негіздеу және алынған бактериялық лизаттың иммуномодуляциялық әлеуетін бағалау.
Материалдар мен әдістер. Зерттеу объектілері ретінде тыныс алу жолдарының инфекцияларымен байланысты Staphylococcus aureus, Streptococcus pyogenes, Pseudomonas aeruginosa, Haemophilus influenzae және Klebsiella pneumoniae бактериялық штамдары қолданылды. Зерттеу штамдарды өсіру мен идентификациялауды, бактериялық суспензияларды МакФарланд шкаласы бойынша стандарттауды, біріктірілген әдіс арқылы поликомпонентті бактериялық лизат алуды және оның иммуномодуляциялық белсенділігін in vitro жағдайында IL-6 өнімінің деңгейі бойынша бағалауды қамтыды.
Нәтижелер. Бес бактериялық штамм идентификацияланды, олардың фенотиптік әртектілігі расталды, лизистің ең тиімді біріктірілген әдісі анықталды, ал поликомпонентті бактериялық лизат IL-6 деңгейі бойынша орташа иммуномодуляциялық белсенділік көрсетті.
Талқылау. Алынған деректер грамоң және грамтеріс штамдардың үйлесуі лизаттың антигендік құрамын пептидогликан мен липополисахаридті қоса алғанда әртүрлі PAMP-құрылымдар есебінен кеңейтетінін көрсетеді. Лизат әсерінен IL-6 өнімінің орташа деңгейде болуы айқын қабынуға қарсы жауапсыз теңгерімді иммундық белсенділіктің белгісі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Қорытынды. Бактериялық штамдардың фенотиптік сипаттамалары, соның ішінде Грам бойынша тиістілігі, морфологиясы, культуральдық және биохимиялық белгілері, поликомпонентті бактериялық лизаттың антигендік әртүрлілігін анықтайды және оның иммуномодуляциялық әлеуетіне әсер етуі мүмкін.
Түйінді сөздер: бактериялық лизат, фенотиптік сипаттамалар, бактериялдық штамдар, тыныс алу жолдарының инфекциялары, интерлейкин-6, поликомпонентті лизат, грамоң бактериялар, грамтеріс бактериялар, патоген-ассоциацияланған молекулалық паттерндер.
количество просмотров / 👁 18












